Басшылық

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының бастығы

полковник Тоқышов Артур Қалиақпарұлы

1972 жылы 29 маусымда Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген.
1993 жылы КСРО ІІМ БЛКЖО 60-жылдығы атындағы жоғары саяси училищесін «педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын «командалық-штабтық жедел-тактикалық» мамандығы бойынша, 2022 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін «жедел-стратегиялық деңгейдегі басқару» мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылдан бастап рота командирінің орынбасарынан бастап Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды. Әр жылдары Ұлттық ұланның 5513 (Тараз қаласы), 7552 (Алматы қаласы), 6654 (Қаракемер кенті) әскери бөлімдеріне басшылық етті.
Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған. Үйленген, екі қыз бен ұл тәрбиелеп отыр.


Академия бастығының бірінші орынбасары — штаб бастығы

полковник Файзулин Асқар Қайратұлы

1981 жылы 14 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін «Ішкі әскерге тактикалық басшылық» мамандығы бойынша, 2022 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жалпы әскери академиясын «әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылдан бастап 6637 әскери бөлімінің 1 атқыштар батальоны 6 атқыштар ротасының взвод командирінен бастап 5510 әскери бөлімінің командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2023 жылғы 26 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлттық ұлан академиясы бастығының бірінші орынбасары — штаб бастығы болып табылады. Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған.

Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр.


Академия бастығының орынбасары (оқу жұмыс жөніндегі)

полковник Корнилов Александр Александрович

6 наурыз 1977 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында туған. 1998 жылы Алматы Жоғары шекара командалық училищесін аяқтаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін аяқтаған.

Әскери ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент).

Әр түрлі жылдары Ұлттық ұлан академиясында және Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде взвод командирі, курстық офицер, курс бастығы, оқу батальоны командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары, оқытушы, аға оқытушы, кафедра бастығы болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдары Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланған. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр.


Академия бастығының орынбасары (ғылыми жұмыс жөніндегі)

полковник Альназиров Руслан Бейсекұлы

1977 жылы 30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Арал-ағаш ауылында дүниеге келген. 2001 жылы ҚР ІІМ ІӘ жоғары әскери училищесін «әскелерді инжинерлік-техникалық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы «әскери әкімшілік басқару» мамандығы бойынша әскери іс және қауіпсіздік магистрі академиялық дәрежесін бере отырып, Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін табысты аяқтады.
2017 жылы Беларусь Республикасы әскери Академиясының адъюнктурасында «жалпы тактика, Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері және арнайы әскерлер» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде толық оқу курсынан өтті.
Офицерлік мансабын 6636 әскери бөлімінің МТО ротасының ИТКК взвод командирі болып бастады. 2001 жылдан бастап взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының кафедра бастығы лауазымына дейін әр түрлі лауазымдарды атқарды.
2022 жылғы 26 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып табылады. Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған. Философия докторы (PhD). Халықаралық деңгейдегі конференциялар жинақтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының БҒСБК ұсынған журналдарда жарияланған елуден астам ғылыми еңбектері бар. Үйленген, қыз бен ұл тәрбиелеп отыр.


Академия бастығының орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі)  

полковник Бектұрсынов Нұрбай Кеңесбекұлы

1973 жылы 31 наурызда Жамбыл қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік институтын, 2008 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Әскери университетін «Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша алтын медальмен бітірген.

Офицерлік мансабын 51809 әскери бөлімінің оқу ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарынан бастады. 1997 жылдан бастап рота командирінің орынбасарынан бастап өңірлік қолбасшылық қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлттық ұлан академиясы бастығының орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі) болып табылады.

Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған. Ұлты қазақ. Үйленген, екі ұл және бір қыз тәрбиелеп отыр.


Академия бастығының орынбасары (техника және қару-жарақ жөніндегі)

полковник Токин Қайрат Дастенұлы

1975 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Ступино ауылында дүниеге келген. 2001 жылы ҚР ІІМ ІӘ жоғары әскери училищесін «автомобиль әскерлеріне тактикалық басшылық» мамандығы бойынша, 2015 жылы РФ ҚМ Армия генералы А.В. Хрулев атындағы (Санкт-Петербург қ.) материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясын «техникалық қамтамасыз етуді басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Офицерлік мансабын 6654 әскери бөлімінің 5 оқу батальонының 3 оқу взводының командирінен бастады. 2001 жылдан бастап взвод командирінен бастап өңірлік қолбасшылықтың техника және қару-жарақ басқармасының бастығына дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2022 жылғы 16 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін академия бастығының орынбасары (техника және қару-жарақ жөніндегі) болып табылады. Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған. Үйленген, екі қыз бен ұл тәрбиелеп отыр.


Академия бастығының орынбасары (тыл жөніндегі)

полковник Исламов Тахир Заирұлы 

1984 жылы 4 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында дүниеге келген. 2005 жылы ҚР ІІМ Ішкі Әскерлері жоғары әскери училищесін «Әскерлерді тылдық қамтамасыз етудің командалық тактикасы» мамандығы бойынша және 2020 жылы Мәскеу қаласындағы РФ ҚМ Әскери университетін үздік бітірген.

Офицерлік мансабын ҚР ІІМ Ішкі Әскері училищесінің МТҚР тылдық қамтамасыз ету взводының командирі болып бастады.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Алматы қаласында 7552 ә/б киім-кешек қызметінің бастығы болып қызмет атқарды.

2008 жылы Алматы қаласы 5571 ә/б бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін Астана қаласында 3660 ә/б командирі болып қызмет атқарды.

2020 жылдың 29 шілдесінен 17 қазанына дейін Алматы қаласы «Оңтүстік» ӨңҚ Тыл басқармасының бастығы болды.

2020 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлттық Ұлан академиясы бастығының орынбасары (тыл жөніндегі) болып табылады. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.

Добавить комментарий