Жалпы білім беру пәндері кафедрасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының Жалпы білім беру пәндері кафедрасы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық пәндер бойынша болашақ офицерлерді даярлауды жүзеге асырады.
Кафедраның бастығы подполковник Икласов Ерлік Ерсінұлы
Кафедра міндеттері:
  • оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу;
  • білім беру процесіне оқытудың жаңа әдістемелерін, ғылым мен техника жетістіктерін, инновациялық технологияларды енгізу, сабақтарды өткізу сапасын арттыру;
  • ғылыми-зерттеу және рационализаторлық жұмыстарды орындау;
  • курсанттарды патриотизм, Отанға және әскери борышқа адалдық рухында тәрбиелеу, жоғары моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіруге және салауатты өмір салтына ұмтылу.
Кафедрада 12 пән оқытылады, барлық пәндер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған.
Міндетті компоненттің пәндері болып табылатын кафедраның 8 пәні:
  • Қазақстан тарихы;
  • философия;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • әлеуметтану;
  • саясаттану;
  • мәдениеттану
  • тіршілік қауіпсіздігі негіздері;
  • құқық негіздері
2 негізгі пән:
  • жоғары математика;физика;

2 таңдау бойынша пән (элективті):

  • дінтану;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
 Кафедра тарихы
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының құрамына әр жылдары жоғары әскери училище базасында құрылған 1997 жылы лингвистика кафедрасының, математика, физика және химия кафедрасының (МФХ) және жалпы техникалық пәндер кафедрасының (ЖТП) оқытушылары кірді.
Лингвистика кафедрасының бірінші меңгерушісі Светлана Васильевна Скрипко болды. Мемлекеттік тіл функциясы кеңейген сайын лингвистика кафедрасы мемлекеттік тіл және тілдік даярлық кафедрасы болып өзгертілді және 2004 жылы оның меңгерушісі болып Ғазиза Қайыржанқызы Қожағұлова тағайындалды.
МФХ кафедрасын Рафик Михайлович Салимжанов басқарды. 1998 жылдың қаңтар айында кафедра меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты Ольга Васильевна Корягина тағайындалды.
ОТД кафедра меңгерушісінің міндетін Нина Владимировна Сливинская атқарды, одан кейін меңгеруші болып Асқар Қабдөшұлы Қалиев тағайындалды.
2003 жылдың тамыз айында жалпы техникалық ғылымдар кафедрасын қайта құру нәтижесінде математика, физика және химия кафедрасының құрамына кірді. Біріккен кафедраны профессор, техника ғылымдарының кандидаты Абай Капаұлы Алдабергенов басқарды.
2008 жылдың тамыз айында екі мемлекеттік тіл және тілдік дайындық кафедрасы мен математика, физика, химия кафедраларының бірігуі нәтижесінде жалпы білім беретін пәндер кафедрасы (ЖББП) құрылды. Жаңадан құрылған кафедраны Жаңыл Қапезқызы Жабатова басқарды.
2012 жылдың тамыз айында жалпы білім беру пәндері кафедрасы аттестациядан өтіп, штатқа әскери мамандар лауазымы енгізіледі. ЖББП кафедрасының бастығы болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, полковник Қалиев Асқар Қабдөшұлы тағайындалды.
2015 жылғы қаңтарда бөліну нәтижесінде екі кафедра жұмыс істей бастайды: жалпы білім беру пәндері (ЖББП) және тілдік дайындық (ТД). ЖББП кафедрасының бастығы болып педагогика ғылымдарының кандидаты Айман Елтайқызы Қасенова тағайындалады. 2018-2019 жылдары кафедраны полковник Оспан Әділұлы Әбдуалиев, 2018-2020 жылдары запастағы полковник Дүйсембек Шахманұлы Ельжанов басқарды.
2020-2022 жылдары кафедра бастығы болып әскери ғылымдар кандидаты полковник Руслан Бейсекұлы Альназиров басқарып, одан әрі ол жоғары лауазымға ауыстырылды және кафедраны Икласов Ерлік Ерсінұлы басқаруда.
Кафедрада оқытушылық қызметті білікті мұғалімдер жүргізеді,олардың әрқайсысы өз ісінің маманы болып табылады. Сабактарда белсенді түрде интерактивті әдістемелік оқытуды, оқытушылар өздерінің біліктілігін жиі конкурстармен, курстарда және семинарда қолданады, аспирантурада ғылыми жұмыспен айналысады, ғылым магистрлері болып табылады. Ал подполковник С К Телеужанов – философия ғылымдарының (PhD) докторы.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми қызметпен белсенді айналысады: аймақтық, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады. Курсанттардың әскери-ғылыми үйірмесінің жұмысы шеңберінде кафедра оқытушыларының жетекшілігімен курсанттар жыл сайын өткізілетін республикалық ғылыми жобалар конкурстарында, сондай-ақ әртүрлі қалалық, облыстық мәнерлеп оқу конкурстарында, эсселерде жүлделі орындарға ие болады, М. Қозыбаев атындағы СҚУ ұйымдастырған ғылыми-практикалық семинарлардың қатысушылары болып табылады.
2020 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасында үздік ғылыми жұмысқа курсанттардың ғылыми конференциясының ІІ туры өтті. Байқаудың II турының қорытындысы бойынша курсанттар А. Качкинбаев, А.Аязбаев, Н. Сайлаубеков, Ш. Ахметжан, Е. Ахашов, М. Жолшы, Б. Тұрсынбек «Қазақстан Республикасы ҰҰ ӘИ жоғары білім берудегі халықаралық тәжірибені енгізу» тақырыбында жұмыс жасады, 2 орын алды және Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасында үздік жұмыс конкурсына жіберілді.Курсанттар ғылыми жетекшілердің басшылығымен әскери-ғылыми конференцияларға, кеңестерге, семинарларға белсенді қатысты, мысалы курсанттар А.Аязбаев, Б. Тұрсынбек «Ұлы Отан соғысының тарихи мұрасы (1941-1945 жж.) әскери ғылым мен білімнің дамуы контексінде» тақырыбында ҚР ҰҰ ҒЗИ ҒПК қатысты. Курсанттар ғылыми жетекші капитан Б.А. Қалиевтің басшылығымен КҒЖҮ мүшелері 2020 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында өткен курсанттардың (студенттердің) «Жастар және қазіргі заманғы мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты. 3 курс курсанты Мұхаммед Арманұлы Ахашов «ҚР ІІМ ЖОО-да әскери-патриоттық клубтар құру (ҚР ҰҰ материалдары бойынша)» тақырыбындағы баяндамасымен, 2 курс курсанты Айдос Сержанұлы Аязбаев «Киберқауіпсіздік ХХІ ғасырдағы мемлекет дамуының маңызды аспектісі ретінде», 3 курс курсанты Ержан Ертлекұлы Жолшы «Курсанттарды офицерлік өмірге дайындауда мемлекеттік тілдің алатын рөлі» тақырыбындағы баяндамасымен, 4 курс курсанты Аманбай Мирланұлы Качкынбаев «ҚР ІІМ жоғары оқу орындарындағы курсанттардың этноконфессиялық тәрбиесінің мемлекеттік-құқықтық аспектілері» тақырыбында, 4 курс курсанты Шыңғысхан Ардақұлы Ахметжан, «Қазақстан Республикасындағы қазіргі тілдік ахуалды қалыптастыратын тарихи-саяси аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 2020 жылдың ақпан айында 242 топ курсанты Ғ.Қолдыбай Нұр-Сұлтан (Астана қаласы) қаласында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген педагог-ағартушы Ы. Алтынсарин атындағы Мемлекеттік тарих институтының І республикалық олимпиадасына «Ұлы дала ұстазы – Ы.Алтынсарин» атты баяндамасымен қатысты және 1 орын алды. 2020 жылдың сәуір айында М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлеңдер байқауы өтті, оған 2 курс 242 топтың курсанты Р. Мұхтар қатысты, онда 1-орын және 2 курс 242 топтың курсанты Б. Толқынбек 3 орын иеленді. 2020 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан (Астана қаласы) қаласында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әлеміне саяхат» атты өлеңдер байқауы өтті, оған 3 курс 242 топтың курсанты Б.Толқынбек қатысып, «Ұлы ақынға арнау» номинациясында 2 орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі лейтенант Г. Ж.Байсалдина 2021 жылғы 28 ақпанда Ресей Федерациясының Федералды жазаларды түзету қызметінің Пермь институтында 2 халықаралық ғылыми әзірлемелер байқауы өтті, оған 2 курс 354 «в» және 354 «а» оқу топтарының курсанттары — А.Л. Фокша және Д. А. Косогоров «Қылмыстық-түзету жүйесіндегі жеке діндарлық феномені сотталғандарды әлеуметтендіру факторы ретінде» тақырыбымен қатысты. Өткізілген конкурс нәтижесінде курсанттар А.Л. Фокша және Д. А. Косогоров «Зерттеудің өзектілігі» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломдарға ие болды.
Ғылыми жетекшілер:
— полковник Руслан Бейсекұлы Альназиров, жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы, философия докторы (PhD) (Ғылыми жұмыс бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясының қазіргі бастық орынбасары);
— майор Наталья Анатольевна Белоусова, жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы.
2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан (Астана қаласы) қаласының «Білім өркениеті» ұлттық-инновациялық орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған жоғары оқу орындарының педагогтары мен студенттері арасында «Білімді ұрпақ –  тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбында эссе байқауы өтті. 482 оқу тобының 4 оқу батальонының курсанты Э.А. Шанкин 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – ЖББП кафедрасы бастығының орынбасары полковник А. А.Бенке.
Ведомствовалық ынтымақтастық шеңберінде кафедрада алғаш рет 2022 жылғы 26 мамырда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Қарулы Күштері- Қазақстан Тәуелсіздігінің кепілдері» тақырыбында (ҚР Мемлекеттік рәміздері мен Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған) С. Мұқанов ат. Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының конференц залында ғылыми-теориялық семинар өткізілді.
2022 жылдың тамызында курсанттар Тунгушбаев Д.Б. 364 оқу тобы, Аблакимов Д.Б., Мухамедов Б.Д. Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасында «ҰҰ Академиясының киберщит киберқауіпсіздік негізі» тақырыбындағы конкурстың ІІ турында ЖББП кафедрасының оқытушысы капитан Калиев Б.А. жетекшілігімен 1 орын алды.
Кафедра оқытушылары курсанттар арасында тәрбиелік сипаттағы іс-шаралар: олимпиадалар, тіл байқаулары, әдеби-музыкалық кештер, тақырыптық әңгімелер, викториналар және басқа да іс-шаралар бойынша үлкен жұмыс атқарады:
— Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша олимпиада;
— Дүниежүзілік философия күніне арналған «Өз ойыным» байқауы;
— «Отан туралы махаббатпен» викторинасы;
— Математикадан логикалық есептерді шешу бойынша курсанттарға арналған викторина;
— Физика-математикалық есептерді шешуге арналған викторина;
— Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қазақстандық батырларына арналған Ерлік сабағы.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға сүйіспеншілікпен және адалдықпен қарайды, кейде сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша қарапайым емес міндеттерді, оның ішінде пандемияның ерекше жағдайларында шешуге шығармашылықпен қарайды. Сонымен қатар, оқытушылар кураторлар (тәлімгер) мен аға жолдастар ретінде моральдық және психологиялық қолдау көрсете отырып, курсанттардың жеке құрамымен қызмет атқару және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша міндеттерді орындайды.

Добавить комментарий