Дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасы

Спорт — бұл әрқашан сенімен бірге болатын құпия қару!


Дене дайындығы және спорт кафедрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының оқу-құрылымдық бөлімшелерінің арасында оқу-тәрбиелік үдерісті және әскери оқу орындағы барлық спорттық іс-шараларды қамтамасыз ететін кафедралардың бірі болып табылады.
Кафедраның ережелеріне келісті, оқытушылардың қызметі дене дайындығының барлық түрлерін ұйымдастыруға және өткізуге, курсанттарды, сондай-ақ офицерлердің біліктілігін арттыру факультетінде оқытылатын әскери қызметшілерді оқытуға, дене дайындығы және спорттың теориялық негіздеріне, дене дайындығының барлық түрлерін іс-тәжірибелік дағдылары мен әдістемелік машықтарына, әскери қызметшілердің қызметтік-жауынгерлік қимылды орындаудағы дене дайындығына, замануи ұрыстардың талаптарына сәйкес әзірлікке ұйымдастыруға және өткізуге бағытталады. Курсанттарды оқыту оқытудың кредиттік технологиясы бойынша «дене дайындығы» және «бөлімшелердегі, әскери бөлімдегі спорт» пәдерінен жүргізіледі. Кафедра оқу үдерісін мемлекеттік және орыс тілдерінде іске асырады.
Кафедрада саламатты өмір салтын, шылым шегумен күресті, дене дайындығы және спортты жетілдіруді жүйелі насихаттау бойынша жұмыс жасауға үлкен назар бөлінеді. Кафедрада оқытушы майор Д.М. Сайдахметов басқаратын әскери-ғылыми үйірме жұмыс істейді. ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары арасындағы Республикалық конкурсқа қатысуы бұл жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.
Кафедраның замануи оқу-спорттық базасы әр түрлі ауқымды жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Академия спорт комитеті жыл сайын спорттың әскери қолданбалы және жаппай түрлері бойынша Спартакиада өткізеді: — офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер арасында (футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, штаттық қарудан атыс бойынша). — оқу бөлімдерінің курсанттары мен мерзімді қызмет әскери қызметшілері арасында (футбол, волейбол, гирдің қос түрлі сайысы, армрестлинг, самбо күресі, қоян-қолтық ұрысы, жеңіл атлетика, ӘСК көп сайыс, әскери үш түрлі сайыс, штаттық қарудан атыс, спорттық бағдарланудан, Президеттік қысқы көп сайыс және 5 км жүгіріс бойынша).

Добавить комментарий