Қару-жарақ және атыс кафедрасы

Қару-жарақ және  атыс кафедрасы бірнеше туыстас пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысты, курсанттар арасындағы тәрбиелік жұмысты, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруды іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттык Ұлан Академиясының негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кафедраның басты міндеті:
  • жауынгерлік машиналардың қаруларын, атыс қарулары мен гранататқыштарды сауатты және толық көлемде қолдана алатын, ұрыста бөлімше атысын сенімді басқара алатын, қару-жарақтардың құрылысы мен пайдалану ережелерін мықты білетін, оны ұрыстық қолдануға дайындай алатын және атыспен нысаналарды жоя алатын, қарамағындағыларды дұрыс оқыта және тәрбиелеуге мүмкіндік беретін қажетті әдістемелік дағдыларды меңгерген офицерлерді даярлау;
  • кафедрада оқытылатын оқу пәндері бойынша оқу және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып өткізу;
  • оқушылармен тәрбиелік жұмыс жүргізуге қатысу;
  • кафедра мамандығы бойынша, офицерлік кадрларды даярлау және курсанттарды оқыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады.
Қару-жарақ және  атыс кафедрасы 1997 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер чилищенің негізі қаланған кезеңінде құрылды Кафедраның құрылу тарихы академияның құрылу тарихымен тығыз байланысты. Ол көптеген қиын жағдайларды бастан кешірді. Бастапқы жылдары ең қажетті: жабдықталған сыныптық, зертханалық және далалық  оқу материалдық-техникалық құралдар, оқу және көрнекі құралдар, әдебиеттер, офицерлердің педагогикалық тәжірибесі жетіспеді. Алайда ең бастысы – болашақ офицерлерді оқытуға, тәрбиелеуге және жұмыс істеуге деген құлшыныстары зор болды.
Кафедраның құрылу кезеңінде полковник Зинченко Виталий Владимирович басшылық етті. Сауатты, әскери тәжірибесі мол Виталий Владимирович өзінің іскерлігімен ұжым жұмысын ұйымдастырды. Сол уақытта кафедрада подполковниктер К.В.Шадрин, В.П.Титович, майорлар В.П. Пуспешев, В.В.Игнатьев дәріс берді.
2001 жылдан 2010 жыл аралығында қаруландыру және ату кафедрасын әртүрлі уақытта полковник Сембаев  Бахытжан  Аронұлы, подполковник Фанаков Игорь Владимирович, полковник Левин Андрей Юрьевич басшылық етті.
2004 жылдың мамыр айында кафедраның ұйымдастыруы нәтижесінде әскерлерді зымыран — артиллериялық қару-жарақ тактикалық басшылық мамандығы бойынша болашақ офицерлерді даярлау үшін зымыран — артиллериялық қаруландыру циклі құрылды, циклді полковник Сироткин Виктор Павлович басқарды.
Сол жылдардан бері кафедрада оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша тынымсыз және мақсатты түрдегі жұмыс жүргізілуде, оқытылатын пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарлар қайта жасалуда және жетілдіруде, кафедраның оқу материалдық-техникалық құралдары дамытылып келеді.
Сол уақытта курсанттарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне, оқу материалдық-техникалық құралдарды жетілдіруде: кафедра бастығының орынбасары полковник Беспалов Александр Анатольевич, аға оқытушы подполковниктер Венерцев Петр Васильевич, Сербин Александр Григорьевич, оқытушы подполковник Пердибеков Иманали Тургунович, РАҚ циклінің зертхана технигі прапорщик Цвингер Петр Петрович, РАҚ циклінің шеберхана бастығы старшина Әлжанов Ғабит Тілегенұлы, РАҚ циклінің атқыш қаруларын жөндеу бойынша нұсқаушы прапорщик Матенов Сержан Сабырұлы, кабинет бастығы прапорщик Долгушева Ольга Владимировна, жауапты орындаушы – БАЖ технигі прапорщик Мамедова Татьяна Садайбековна маңызды үлес қосты.
2010 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың қараша айына дейін кафедраны полковник Балабанов Сергей Михайлович басқарып келді.Қазіргі уақытта кафедрада белсенді, жұмысқа қабілетті ұжым құрылды.
Кафедрада тәжірибелі оқытушылар: кафедра бастығының орынбасары подполковник Болдырев Евгений Иванович, аға оқытушылар полковниктер Ниязов Хахимхон Абдикаримович, Хотько Вячеслав Павлович, Құлжанов Жомарт Берикбайұлы, оқытушылар подполковниктер Сайфудинов Ринат Каримович, Джуринов Бахадир Саттарұлы, Воробьев Александр Владимирович, Слоквенко Виталий Валентинович, Волков Борис Витальевич, запастағы полковник Саржанов Рабирт Жанибекович қызмет атқарады және тәлім береді. Кафедрада барлық оқытушылар құрамымен: оқу шеберхана бастығы  сержант Жанахметов Даурен Кабдуносович, оқу шеберханасының нұсқаушысы сержант Нургалиев Бауыржан Касымович, кабинет бастығы сержант Альназирова Сауле Исмагзамовна бірлескен түрде қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта кафедраны полковник Садыров Айдос Кайтпергенович басқарып отыр. Кафедрада белсенді және жұмысқа қабілетті ұжым қалыптасты: кафедра бастығының орынбасары полковник Сайфудинов Ринат Каримович; РАОВ циклінің бастығы подполковник Никитенко Денис Васильевич; аға оқытушылар полковниктер Тюлеев Бахтияр Сейсенбаевич, Мусин Марат Аманжолович, Шарипов Арман Шаймуратович,; оқытушылар подполковниктер Ахметжанов Ерлан Маратович, Турусманов Нурлан Нурмаханович, Гроскоп Роман Владимирович, Серикбаев Асхат Серикбаевич; майорлар Редькин Денис Владимирович, Кутняк Роман Андреевич, Мурталимов Шоқан;  зертхана технигі сержант Зайцев Алексей Геннадьевич; кабинет бастығы ефрейтор Тлепбергенов Сайран Турлыбекович.
2019 жылдың ақпанында кафедраға АҚШ «URS Federal Service International, Inc» компаниясымен орнатып, қондырды. Екі электронды-атыс тирларының ұрыс құралдары мен атыс қаруларының «Вега-К» тренажер жабдықталуы: «Техникалық ахуалды ядролық қауіпсіздікті АҚШ қорғаныстың Агенттік министрлігінің көмегімен қатердің алдын алу» программа бойынша ұысынылды.

Кафедарада атыс алаңының жабдықталуының кеңейтілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2019 жылы «Алматыэнергосервис» компаниясымен гранатаатқыштарды дайындау үшін 4 тренажерлары (АГС-17; РПГ-7В; ГП-25; СПГ-9М) қолданысқа енгізілді.
Келесі парақша кафедраның спорттағы салауатты өмір салты құрайды, онда 2003 жылдан бастап әскер біріншілігінде және спартакиядарда ұжымдар белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болуда.  
полковник Сайфудинов Р.К. – 2003 жылдан бастап, 2021 жылға дейін Драгунов мерген мылтығынан әскердің абсолютті чемпионы, Калашников автоматынан, Макаров тапаншасынан әскердің чемпионы және призеры атанды.
подполковник Гроскоп Р.В. – 2005 жылдан бастап 2022 жылға дейін әскердің Біріншіліктерінің және Спартакиадаларының бірнеше дүркін чемпионы мен призеры атанды.
Кафедраның көптеген әскери қызметшілері әртүрлі уақытта Ауған соғысының жалынынан, Закавказья, Тәжікстан және Приднестровья ұрыстық қимылдарынан өтті, олар әртүрлі сабақтар түрлерінде, атыс жаттығулары мен практикалық атыстарды өткізу кезінде  өздерінің білімдері мен жауынгерлік тәжірибелерін курсанттарға беріп келді және алдағы уақытта да беретін болады.
2016 жылдан бастап кафедрада әскерді ракеталық-артиллериялық қамтамасыз ету циклы қосылды, циклда қару-жарақ қызметінің және Ұлттық ұланның артиллериялық-зениттік бөлімшелердің командирі офицер-мамандарын дайындау жүргізіліп жатыр. Бұл циклдың қосылуымен кафедра жаңа статусқа ие болды – шығарылым болды. Қазіргі уақытта берілген мамандық бойынша үш шығарылым болды. Берілген мамандық бойынша жас офицерлер Ұлттық ұланда, Қорғаныс Министірлігінде, Шекара қызметінде және мемлекеттік қауіпсздік қызметінде қызмет атқаруда.
Қазіргі заманда алға жылжудың негізгі факторы адамдық және интеллектуалдық жинақ. Оны білім және ғылым облыстары қалыптастырады. Әрине, тек қарсыластыққа шыдамды квалификациясы бар маманның сапалы білімін таныстыра алады. Қазіргі заман офицерлерді даярлауда үнемі жаңа талаптарды алға шығарады және кафедраның оқытушы құрамының алдына жаңа міндеттер қояды Сол міндеттерді тек қажетті білімдер мен дағдыларды меңгерген, жоғары кәсіпқойлықпен және өз ісіне шығармашылықпен қарайтын оқытушылар ғана шеше алады.
Қару-жарақ және атыс кафедрасы академияның оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы жетекші кафедраларының бірі болып табылады, ол өзіне және білім алушыларға деген талапшылдығымен, жауапкершілігімен, оқу мақсаттарына қол жеткізудегі мақсаткерлігімен ерекшеленеді.

Добавить комментарий