Петропавл гарнизонының Әскери прокуратурасымен өткізген «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы шеңберінде 2013 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Әскери институтында алғашқы рет өткізілген семинардың тақырыбы осылай аталады.

Бизнесті жүргізудің өзекті тақырыбын салық басқармасының, құқық статистикасы мен арнайы есеп беру басқармасының, өртке қарсы сақтық қызметінің, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық бақылаудың қызметкерлері, аймақтық палатаның кәсіпкерлері талқылады, сондай-ақ Петропавл гарнизонының әскери бөлімдері мен мекмелерінің әскери қызметшілері, оның ішінде тыл және мемлекеттік сатып алу қызметінің мамандары қатысты.

Петропавл қаласында орналасқан ҚР Қарулы Күштерінің барлық түрлерінің әскери құрамаларында, оның ішінде ІӘ полкында және Әскери институтта асханалар жұмыс істейді, олардың иелері жеке кәсіпкерлер болып табылады. Біз оларға сенеміз, өйткені олар еліміздің қорғаныс қабілеті болып табылады. Сарбаздардың және курсанттардың денсаулықтары мен өмірлері олардың қолдарында, сондай-ақ офицерлік асханалар да бар, онда үнемі басқа санаттағы әскери қызметшілер тамақтанады. Соған сәйкес кәсіпкерлерден сұраныста ерекше. Әскери институты бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Евгений Логин айтып өткендей: «Асхана үлгі тұтарлықтай, тамағы пайдалы және дәмді, ал қызмет көрсететін персоналдар өз ісінің кәсіпқойы болуы тиіс!».

Асхана иелеріне талап өте қатаң. Біріншіден, азық-түліктерді сақтау бойынша. Ветеринарлық бақылау органдарымен жоспарланған және жоспардан тыс тексерістерді жүргізу кезінде ұқсас бұзушылықтар белгілі болды. Нәтижесінде, үлкен айыппұлдар төленді. Сонымен қатар, бизнесмендердің көңілін таба біледі, өйткені кәсіпорынды тіркеу кезден-ақ үш жыл ішінде ол тексеріске жатпайды. Бұдан басқасы, егер бизнес субъектілері басқа мекмелердің, біздің жағдайда әскери бөлімнің балансында тұрса, онда кешендік тексерістер жүзеге асырылады. Ендеше, бақылау органдары заңды бұзбайды. Әскери бөлімнің үй-жайлары толығымен тексеріледі. Соңында Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Нұрлан Алпысов семинарға қатысушыларға осы кезеңде жиналған барлық мәселелерді талқылау, оларға жауап іздеу және көкейкесті мәселелерді бірлесіп шешу үшін, келесі күнтізбелік жылда тоқсанына бір рет жиналуға ұсыныс жасады. Барлығы бастаманы бір ауыздан құптады.

Капитан Руслан Қайыркенов,

Петропавл қ, сурет автордікі.

от admin

Добавить комментарий