224Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күнін тойлау қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарларымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары – халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитет төрағасы Икрам Адырбеков және «халық қаҺарманы» наградасының иегері, армия генералы Мұхтар Алтынбеков келді. Мәртебелі қонақтар өңір басшысы Самат Ескендіровпен бірге Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери институтына келді.

131Әскери институт бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Е. Батыров оқу корпусының фойесінде орналасқан институт ғимаратының пішінінде көрсетілген институттың келешекте дамуы, оның ішінде акті залының және институттың қызметкелері үшін көп қабатты үйдің құрылысы жөнінде айтып берді. Әскери мекеменің мұрағаты бойынша экскурсия жасағаннан және құрметті қонақтар үшін Кітапқа естелік жазбалар жазғаннан кейін, сенаторлар акті залында жиналған барлық санаттағы әскери қызметшілермен аса маңызды көкейкесті мәселелермен бөлісуге, қойылған қызықты сұрақтарға жауап беруге бет алды. Әрине, әскери қызметшілердің көптеген сұрақтары армия генералы Мұхтар Алтынбековқа қойылды. Бәрінен бұрын, офицерлерді зейнетақы реформасы қызықтырса, ал курсанттарды Қазақстан Республикасының халық батыры Мұхтар Алтынбаевтың жеке қасиетіне қатысты: оның қандай спорт түрімен әуестенентіндігі, қалай генерал болғандығы қызықтырды. Ал Қырғызстанның 4 курс курсанты Кусеев армия генералына олармен кездескендігі үшін және жағдайды пайдаланып, біздің халықтар арасындағы туысқандық қатынас және Қазақстанда оқуға үлкен сенімділік көрсеткені үшін ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Ішкі әскерлердің Бас қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықовқа шын ниетпен өзінің алғысын айтты.

199В Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров соңғы сөзін қызықты сұхбат және танымдық сапары үшін кездесуге қатысқандарға алғыс білдірумен аяқтап, — біздің өңірде әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде әскери қызметшілерге үлкен көңіл қойылатындығына, сіздерге тұрғын үй бөлінді және бөлінетін болатындығы жөнінде Самат Сапарбекұлы сөзін жалғастырып өтті. Барлық әскери қызметшілерді тұңғыш Президент күнімен құттықтап және біздерге одан әрі қызметте үлкен табыс тілеп, облыс әкімі біздің жоғары қуатты армия құратындығымызға сенім артатындығын атап өтті.

Осымен әскери қызметшілер үшін сұрақ-жауап кеші аяқталды, ал сенаторларды клубтың фойесінде тілшілер күтіп алып, сұхбат жүргізді. Одан әрі мен әр түрлі жаппай ақпараттық құралдармен, облыстық және республикалық телеканалдары арқылы жаңалықтар сюжеті бойынша көрсетілген, сондай-ақ газеттер мен жаңалық сайттарында жазылған, сенатор Мұхтар Алтынбаевтан алынған сұхбаттың мәтінін ұсынамын.

– Жаңа ғана әскери қызметшілермен кездесу кезінде Президенттің саяси еңбектері туралы, мемлекеттің, Қарулы Күштердің қалай құрылғандығы жөнінде айтылып өтілді, және маған Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің қызметтері бойынша курсанттар мен оқытушылардың қойған сұрақтары өте ұнады.

– Осы әскери оқу орнында алғашқы рет бола отыра, командир және адам ретінде, сезіне отыра курсанттар мен басшылық арасындағы жақсы өзара қарым-қатынасты атап өткім келеді, өйткені олардың құқықтары тең. Басқа өңірлердің әскери қызметшілерімен кездесу кезінде сұрақтар аз қойылды және қысымдық байқалып тұрды, ал бүгін таң қалдым – курсанттан және профессорлық-оқытушылар құрамынан бастап, басқарма және бөлініс офицерлерімен аяқтай отыра қолайлы және қолайсыз сұрақтар қойылды, өйткені бұның бәрі дұрыс.

Мен бірінші кезекте барлық құзретті сұрақтарға жауап беруге тырыстым, ал институттың әскери қызметшілері көтерген қалған сұрақтар мен көкейкесті мәселелерге Сенаттың комитеті бойынша өздерінің әріптестерінен жауап алуды ұсынамын және әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауға қатысты алдағы жылдары шығатын барлық заңдарға түзетулер енгізсін деймін.

Все фото Визита Сенаторов в Военный институт размещены в нашей Галерее.

Капитан Руслан Қайыркенов,

Петропавл қ, сурет автордікі.

от admin

Добавить комментарий