2013 жылдың 31 қазанында Н. Погодин атындағы драма театрында «Жас қанат» эстрадалық әндердің жас орындаушылары арасында облыстық байқау өтті.

Байқаудың басты мақсаты жаңа таланттарды іздеу болып табылады. Өздерінің вокалдық қабілеттерімен жалт ету үшін Петропавлға облысымыздың әр ауданынан 19 жеке орындаушы және үш топ келді.

Қатысушылардың ішінде біздің әскери қызметші: 1 курс курсанты қатардағы Тәжібаев Айбол да болды, ол І-ші дәрежелі лауреат атанды, жоғары орындаушылық шеберлігі үшін дипломмен және DVD-плеер бағалы сыйлығымен марапатталды.

Өзімнің әріптесімді құттықтаймын, сахынада одан әрі шығармашылық табыстарға жетуге және әскери институтты лайықты аяқтауға тырысып, құқық тәртіп әскері офицерлерінің қатарына қосылуына тілектеспін!

Р.S. Жас таланттар үшін келесі «Жас қанат» эстрадалық әндер байқауы 2015 жылы өтеді.

Капитан Руслан Қайыркенов, Петропавл қ..

Сурет капитан Евгений Мартыновтікі.

от admin

Добавить комментарий