2013 жылдың 24 қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетінің акт залында «Дін және патриотизм» тақырыбына республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Осы іс-шара СҚО әкімшілігімен бірге дін ісі бойынша Қазақстан Республикасының агенттігімен ұйымдастырылған болатын, оған облыстың орталық және жергілікті органдарының, әкімшіліктердің өкілдері, діни, қоғамдық және жастар ұйымдарының жетекшілері, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ көш басшылары, жоғары оқу орындарының және орта-арнайы оқу орындарының студенттері, оның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Әскери институтының 1 курс курсанттары қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты өсіп келе жатқан жасөспірімдердің рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуда, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуде, олардың назарын діни экстремизмнің қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға дәстүрлі діннің рөлдерін талқылау болып табылады.

Шын мәнінде, дін ісі бойынша ҚР агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Марат Азильханов өзінің баяндамасында: «Жас адамның дінмен араласуы, адамды өткен мәдени-тарихпен, бұдан бұрынғы ұрпақтардың құндылықтарымен, олардың жасампаз іс-әрекетерінің және өз елінің мүдделерін қорғау кезіндегі қайсарлықтарының нәтижелерімен салыстырып, рухани-адамгершілік, патриоттық, азаматтық-мағыналықтың қолайлы жағдайларын құруға бағытталуы тиіс. Жастардың отбасы, халық, ел алдындағы терең жауапкершілік сезімдерін, салт-дәстүрлерді, қоғамдық тұрақтылық пен заңдарды құрметтеуге дағдыландыру қажет» — деді.

В Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Фархат Қуанғанов өзінің баяндамасында келесі цифрларды атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның көп ұлтты және көп конфессиялық өңірінің бірі болып табылады. Облысымыздың аймағында 132 діни бірлестіктер, оның ішінде 64 исламдық, 31 православиелік, 11 католиктік және 26 протестанттік діндер өздерінің қызметтерін жүзеге асырады.

Сонымен қатар, өңірде 160 мәдени объектілер қызмет етеді, оның ішінде 65 мешіт, 27 православиелік шіркеулер, 43 католиктік шіркеулер мен кішкентай шілкеулер, 25 намаз оқитын протестанттік үйлер.

Қазіргі таңда, әр түрлі діндегі өкілдер арасында елімізде қатар өмір сүрудің және нәтижелі өзара қарым-қатынас жасаудың қолайлы жағдайлары қалыптасқан. Негізінде, дін қажетті және сөзсіз, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы дұрыс фактор болып келеді.

Сондай-ақ, СҚСУ «тарих және құқық» факультетінің 3 курс студенті Владимир Копошонок өз баяндамасында: «Біздің еліміздің Президенті жастардың қазіргі және болашағы туралы қамқорлық жасайтындығы маңызды. Осы көкейкесті мәселелерге оның «Қазақстанның әлеуметтік жетілуі: жалпыға бірдей еңбектің қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық баяндамасындағы маңызды бөлімі арналған. Нұрсұлтан Әбішұлы жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, нашақорлықпен айналысушылардың және криминалдық топтардың жеңіл «олжасы» болып отыр деп өкінішті факт келтірді. Өкінішке орай, Президентпен атап өтілген көкейкесті мәселелері, нашақорлық пен қылмыстан басқа, экстремизм – қазақстандықтар үшін абсолютті таныс емес құбылыс, көбінесе біздің әріптестеріміз Отарбаев Ербол сияқты, біздің Отанымыздың тыныштығын сақтай отыра, өзінің денсаулығын аямай діни экстремистердің іс-әрекеттеріне жол бермеуге батылдық көрсетіп, өзін құрбан етуге мәжбүр болды» — деп сөз қозғап өтті.

Владимир Юрьевич біздің әскери қызметшіні бекерден атап өткен жоқ, өйткен конференция басталар алдында қатысушылар үшін қазіргі Ішкі әскерлер әскери институтының 3 курс курсанты кіші сержант Ербол Отарбаевтың ерлігі туралы Ішкі әскер комитетінің бейнестудиясымен түсірген бейнеролигі көрсетілген болатын. Клип аяқталғаннан кейін көрермендер батырға қолдарын амай ұзақ соқты. Біздің Ербол да ғылыми-практикалық конференцияға шақырылған қонақтардың ішінде болды. Конференция аяқтар кезде ол қатысушылар алдында сөз сөйледі, сөйлеген сөзінің мәтіні менің мақаламда жеке жазылған. Ол сөз сөйлеп болғаннан кейін, оған басқа да конференцияға қатысушылар келіп, қолын алып ерлігі үшін шексіз алғыстарын айтып жатты.

Здесь Конференцияны өткізу уақытында Ербол Отарбаевты жергілікті БАҚ телерепортерлері одан сұхбат алу үшін шақырды және бір жас журналист менен: «Ол кім, одан не жайлы сұрауға болады?» — деп сұрағандығын, осы сәтте маған ренішті болғанын, атақты жауынгердің жуырдағы ерлігі жөнінде ұмытқандығын, ал кейбір жас адамдар бұл жайында білмейтіндігін айта кеткім келіп отыр. Мен: «Жауынгерлік бекеттегі жауынгердің ерлігін Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР Қарулы Күштердің Жоғары Бас қолбасшысы құрметпен бағалады, Отарбаев мемлекет басшысының қолынан құрмет наградасын алды, ал халық өзінің батырын білмейді» — деп ойға шомыдым. Ал, шын мәнінде, 3 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Ербол Отарбаевтың ерлігін Лонданның олимпияда чемпиондарының спорттық ерліктерімен салыстырайық, бірақ «лондондықтарды» барлық ел біледі және олардың есімдерін есте сақтайды. Егер болжап айтсақ, боксшы Серік Сапиев немесе ауыратлет Илья Ильин ағаш «мұнарасында» тұр деп ойлап көріңізші, онда олар да 20-дан астам адам көлеміндегі экстремистердің шабуылына ерлікпен тойтарыс берер еді. Атақты спортшылар маған шағымданбайды деп сенемін, өйткені мен Серікпен жеке таныспын және әлі күнге дейін тығыз қарым-қатынас жасап тұрамын, сондай-ақ Ильямен де әр түрлі спорттық іс-шараларда жиі кездескен едік.

Подвиг Ерлікке ерлік ұқсамайды, әркімнің өз дегені бар. Біреулер жақсы жүгіреді, біреулер шахматты өте жақсы ойнайды және өзінің елі үшін медальдар алып, халықаралық аренада Қазақстанның беделін көтереді. Ал біздің әскерлерде құқық бұзушыны ұстауға, дәл атуға және көптеген нәрселерге, сондай-ақ біздің қызметтегі қауіп-қатер алдында тайсақтамауға сауатты оқытады. Ішкі әскер әрқашан заңғдылық пен құқық тәртіп күзетінде тұрады, еліміздегі төзімділік жағдайларды тұрақсыздандыруға кедергі жасайтын, әр түрлі топтағы экстремистер үшін тосқауыл болады. Ішкі әскер жауынгері – әрқашан экстремистке қырағылық көрсететіндігін, ұмытпа!

Капитан Руслан Қайыркенов,

Петропавл қ, сурет автордікі

от admin

Добавить комментарий