154Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Бас қолбасшылығынан Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери институтына жұмыс сапарымен Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Сатов Мұхаметқали Құсаинов келді.

Астананың мәртебелі қонағының келуінің басты мақсаты – ағымдағы жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери институтының клубында өткен, 2013 жылғы оқудың жазғы кезеңі үшін қорытынды тексерісті тапсырудың қорытындылары бойынша әскери-оқу орнының жақсы әскери қызметшілерін құрметтеу кеші, яғни  салтанатты іс-шара болып отыр.

Сондай-ақ, құрметтеу кешіне «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының, Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар бойынша департаменттің, Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істер бойынша департаменттің өзара ықпал ететін органдарының өкілдері мен Ішкі әскердің ардагерлері қатысты. Көптеген әскери қызметшілер өздерінің жан жолдастары мен балаларымен келді.

Қорытынды тексерісті тапсырудың нәтижелері бойынша әскери институтта оқытудың барлық негізгі пәндері бойынша өте жақсы нәтижелер көрсеткендер анықталған болатын. 2013 жылдың жазғы оқыту кезеңі үшін қорытынды тексеріс кезінде жоғары кәсіпкерліктері, командирлік және жауынгерлік дайындықтағы өте жақсы көрсеткіштері үшін, келесі офицерлер: Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері офицерлерінің біліктіліктерін арттыру және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді дайындау факультетінің бастығы полковник Александр Кухарев; қаруландыру және ату кафедрасының бастығы полковник Сергей Балабанов; 4 оқу батальонының командирі майор Жодасбек Нүркешов; кадрлар бөлімінің офицері капитан Елена Истомина бағалы сыйлықпен (Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер белгісі бар, сыйлы медальмен) наградталды.

Все фото Вечера чествования размещены в нашей Галерее.

Пресс-служба ВИ ВВ МВД РК,

Руслан Кайыркенов.

от admin

Добавить комментарий