2013 жылдың 17 қарашасы құқық тәртіп әскерінің әскери-оқу орнында Қазақстан Республика- сының тұңғыш Президенті күніне арналған, самбо күресі бойынша әскери институт біріншілігі болып өтті.

Жарысқа алты салмақ санатында 59 адам қатысты, сондай-ақ қазақстандық спортшылармен қатар Тәжік өкілдерінің спортшылары да қатысты, оны мини-халықаралық турнир немесе серіктестік кездесу деп те айтуға болады.  Егер футбол тіліне көшетін болсақ, онда салмақ ауырлығы есебі жағынан «иегерлер», ал «қонақтар» 57 келіге дейінгі салмақта беделді бірінші орынға ие болды, оның иегері 4 курс курсанты  Мирзоев Сунатулло атанды. Ал қалған салмақ санатында: 62 келіге дейін – Бектбаев Данияр (3 курс); 68 келіге дейін – Әйіп Нұржан (3); 74 келіге дейін – Бейсенәлиев Қуаныш (4); одан жоғары 82 келіге дейін – Ақшалов Бауыржан (3) орындарды иеленді.

Ескере кететін болсақ, 82 келіге дейінгі салмақта бірінші курс курсанты Дәулет Дархан озық болды, ол жарыс аяқталғаннан кейін нағыз техникалық соққыш атанса, оның қарсыласы (ОПҚБ) автомобиль ротасының мерзімдік қызметінің жауынгері Сагидолданов Ернар тепе-тең және табан тірескен күресте жеңіске жігерленген ерлігі үшін сыйлыққа ие болды. ДШДжС кафедрасының әскери қызметшілері мен қызметішлерінің құрамынан тағайындалған, қазылар бригадасының дұрыс және әділ шешімдерінің арқасында мықтылар жеңіске жетті. Осы жекпе-жеке институттың қолбасшылығы да қытысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге наградаларды табыс етті. Командалық біріншілікте жеңіс мәресіне 6 ротасының үшінші курс курсанттары жеткендігін айтып өткен жөн!

Капитан Руслан Кайыркенов,

г. Петропавловск, фото автора.

от admin

Добавить комментарий