Құрметті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының сайтына кірушілер!
   Егер Сізді Әскери институттың әскери қызметшілері қорласа, намысыңызға тисе, немесе Сізге қатысты басқа да заңсыз әрекеттер жасаса, Сіз бізге хабарласқан кезіңізде нақты ( қашан және қайда), сондай-ақ Сізбен хабарласу үшін өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді көрсетуіңізді сұраймыз! Өз үндеуңізді осы беттен жіберуге немесе «Байланыс» бөліміндегі кері байланысу үлгісін пайдаланып, жіберуіңізге  болады.
      2009 жылы 26  желтоқсаннан бастап жеке өміріңіздің дербестігіңізге азаматтардың құқығын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы күшке енгендігін есіңізге саламыз! Осыған байланысты, оның келісімінсіз, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын, тұлғаның жеке өмірі жөнінде немесе азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне залал келтіретін бұқаралық-ақпараттық құралдарға ашық хабарламалар жасау туралы мәліметтерді таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ анонимдік хабарламалар қарастырылмайды. Анонимдік хабарлама авторлықты анықтауға мүмкіндігі жоқ хабарлама болып табылады, онда қойылған қолы, оның ішінде электрондық цифрлік қолы, өтініш берушінің пошталық мекенжайы болмайды. Сонымен қатар,хабарламада:әрекеттегі заңдылықты бұзуға үндеулер болса, нәсілшіл мінездемелер айтылса, ұлтаралық алауыздықты және тағы басқаларын тұтатса,онда хабарламаның әрбір элементінде жалған, тіл тигізу ақпараттар бергені, әдепсіз сөздер айтқаны үшін ҚР ҚК әрекетіне тартылады.
  Жоғарыда айтылған талаптар бұзылған кезде, осындай хабарламаларды орналастыруға құқығ жойылады.

 

Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институтының бастығы
генерал-майор Әбжанов Бауыржан Садықұлы

от admin

Добавить комментарий