Дәл, дәріханадағы сияқты! Кез келген істегі абсолюттік дәлдікті белгілейтін, қалыптасқан сөз! Дәріхана сөзі немістің «аpotheker» — дәрі-дәрмек аясындағы маман сөзінен шыққан. Оларды заманауй медицинада фармацевтер деп атайды.

2013 жылдың 23-25 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Әскери институтының базасында Ішкі әскер құрамаларының, бөлімдерінің және Әскери институттың дәріхана бастықтарымен оқу-әдістемелік жиыны өткізілген болатын.

Жиынның бірінші күні өте қаныққан болды, құқық тәртіп әскерінің барлық бөліністерінен келген дәріханашылардың сыртқы пішінін байқаудан, күн тәртібін жеткізуден басталды, одан соң, бірден тікелей сабақ бастала кетті.

«2013 жыл үшін медициналық жабдықтау мәселелері және 2014 жылға міндеттер бойынша Ішкі әскерлердің медициналық қызметі жұмыстарының қорытындылары» тақырыбандағы баяндаманы Ішкі әскер Бас қолбасшылығының әскери-медициналық басқарма бастығы, жиын жетекшісі медицина қызметінің полковнигі Серік Омарбаев таныстырып өтті.  Дәл сол күні жиынға қатысушылар алдында ТжТҚ кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Е. Сатигулов, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Самрук-Казына – Фармация» ШҚС  өкілі М. Сыздықов, қаржы бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Л. Сафонова, ІӘ Бас қолбасшылығы әскери-медициналық басқармасының аға офицері медицина қызметінің капитаны Е. Оразғалиев сөз сөйледі, сондай-ақ есеп беру кезеңі үшін атқарған жұмыстары туралы баяндамамен жиынға қатысушылар да тыңдалды.

Жиынның ресми бөлімі өткеннен кейін, жиынға қатысушылар Әскери институттың мұражайымен танысып өтті, сондан соң оқу орнының тәрбиешілерімен дайындалған, медицина қызметкерлеріне арналған тақырыптағы музыкалық нөмірлерімен институттың курсанттары мен әскери қызметшілері ән айтып, концерттік кеш басталып кетті. Кештің қызығы, жиынның жетекшісі медицина қызметінің бастығы полковник С. Омарбаевқа жеке музыкалық ән тарту етіліп, құттықтау сөздері сөйленді. Серік Сапанұлы әскери училищенің құрылғанынан, сонау 1997 жылдан бастап медицина қызметінің капитаны атағында медицина қызметі бастығының лауазымына келді. Полковник Серік Сапанұлы: «Әр рет, мен институттың БӨП табалдырығын аттаған кезде, мен ерекше қобалжи бастаймын. Өйткені қызметімнің көптеген жылдарын мен біздің кадрлар ұстасына арнадым, сондықтан осында, болашақ офицерлердің ортасында қызмет еткеніме мақтан тұтамын, өйткені алғашқы түлектен бастап, олардың көбісі құрама командирлері орынбасарларының, полк командирлерінің лауазымдарына дейін өсті. Осы күнде, олардың кейбіреулері менімен бірге Ішкі әскерлердің Бас қолбасшылығында қызмет атқарып келеді. Медицина қызметі бойынша өзімнің әріптестеріме, жиынға қатысушыларға жиын аяқталғаннан кейін оларға сендіріліп берілген бөліністерде, дәріханалық құрылымдарға қатысты сабақтарда жеткізілген мағұлматтарды ендірмелеуге және біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігінде бар ынтамен қызмет етуге тілектеспін!» —  деп өзінің сөзін аяқтады

Әскери фармацевтер үшін жиынның екінші күні дәріханада практикалық сабақ өткізілді және Ішкі әскерлерге үлгі болып табылатын, әскери институттың лазаретіне барып шықты. Түскі астан кейін, бастапқыда белгіленген жоспар бойынша қалаға экскурсияға шығып, оның ішінде Қазақстанда өткен жылы 300-жылдық мерейтойы аталып өткен, Абылайханның мұрағат-резиденциясына барды.

Осы мақаланың авторы бола тұра, экскурсиядан қайтар жолда жиынға қатысушылармен бірге қайтуға тура келді. Неге жиынға қатысушылар деп жазды дерсіз,   өйткені ешкімге құпия емес, дәріхана бастықтарының көптеген лауазымында отырған әскери қызметшілер әскери қызметші-әйелдер болып табылады. Жиынға 29 қатысушының ішінен, жиын жетекшісін есептемегенде, үшеуі ер адам, ал қалғандары нәзік жандар.  Сонымен, жолда келе жатқанымызда радиодан Игорь Корнелюктің «Город, котрого, нет» деген композициясы жүрді, бұндай ән көптеген адамдар үшін жақсы ән болып табылады. Нәзік жандар әннің даусын қатайтуды сұрады, көпшілігі әнге қосыла кетті, ал көпшілігінің бет-әлпетінде көңілсіз рең пайда болды.  Бұның себебінің бірі, мүмкін, айырылысу сәті шығар, өйткені әр сағат сайын тарап кету сәті жақын еді. Бір біріне деген достық қатынасының орнау факторының бірі – оқу-әдістемелік жиының коменданты ІӘ ӘИ медицина қызметінің бастығы м/қ майоры Ерік Ақласовтың, ІӘ ӘИ дәріхана бастығы қызметші Райхан Шамсутдинқызының, концерттік бөлімін жүргізген оркестрдің аға маманы старшина Раушан Даниярованың жылы лебізбен қарсы алуы болар. Олар ТӘҚЖ бөлімінің офицерлерімен бірге, тұрмыстық мәселелерден бастап, стенпен аяқтай отыра, барлығын нақты есептеген, жиынға қатысушылардың барлық іс-әрекеттегі суреттері үнемі жаңартылып отырды. Сабақтардан шыққандары ғана, ал олардың іс-әрекеттерін барлық институт көруде, олардың құрметіне орай жасалған экскурсиялар мен концерттерді есептемегенде, ұсақ-түйек сияқта, бірақ жағымды. Ал композитор Корнелюкке «Қала бар!» дегіміз келеді, ондай қаланың бірі – Петропавл қаласы. Ол Қазақстанның солтүстік облысының бірі, ол мәртебесі бойынша батыр қала емес, бірақ онда да қайратты және сонымен қатар қонақ жай адамдар тұрады, олар әрдайым өз өлкесінің қонақтарын жылы жүзбен қарсы алады. Өкінішке орай, келесі оқу-әдістемелік жиыны басқа қалада болмақ, өйткені дәріханашылармен оқу-әдістемелік жиынын үш жылда бір рет еліміздің әр түкпірінде өткізу рәсімге айналған. Мүмкін жақсы да шығар, өйткені географиялық тұғырдан қарасақ адамның ой өрісі кеңейеді, өзіңнің дәріханаңды басқа бөлімнің дәріханасымен салыстыра аласың, сондай-ақ достық және қызмет жағынан бірі біріңмен қауыша да аласың. Келесі кездескенше, құрметті әскери фармацевт мырзалар!

Руслан Қайыркенов,

Петропавл қ, сурет автордікі.

 

от admin

Добавить комментарий