Бүгін 2016 жылғы 11 маусым күні Петропавл қаласында айтулы оқиға орын алды – биылғы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтымен жас офицерлердің 16-шы шығарылымы іске асырылды.

Ұлттық ұланның кезекті 16-шы және 4-ші халықаралық шығарылымы іске асырылды – 4 курс курсанттарына салтанатты түрде жоғары әскери оқу орнын бітіруі туралы дипломдар табысталды. 155 қазақстандық түлектермен бірге Қырғыз Республикасының тоғыз және Тәжікстан Республикасының алты өкілі диплом алған.  

Негізінен, Әскери институт ағымдағы жылы біздің республика және шетел мемлекет түлектерін есептегенде, көршілес елдер бөлімдеріне 170 офицер жіберді. 155 қазақстандықтың ішіндегі 14 түлек қызметін әрі қарай жалғастыру үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жіберілді.

7 курсант институтты үздік бітірді, олар лейтенант: М.О. Әйіп, Б.Қ.Қайыргелдин, Ж.К. Нажаров, А.М. Құрманов, К.М. Марат, Н.Ж. Мақтабай, И.Н. Нұрсейтов, 3 түлек Мұрагер Оралұлы Әйіп, Бахтияр Қанатұлы Қайыргелдин және Жантас Қанатұлы Нажаров «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» кеуде белгісі табысталумен бітірген. Олардың есімдері Әскери институттың Құрмет Тақтасына енгізілетін болады.

Әскери институт он тоғыз жыл бойы, осы жылды қоса алғанда, 2900 офицерден астам әскерге жіберіп, он алты шығарылымды іске асырды, оның ішінде 246 адам институтты үздік бітірген, 44 түлек «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» кеуде белгісімен табысталуымен аяқтаған.

Институт курсанттары ІІМ жүйесімен өткізілетін әскери оқу орындары арасындағы ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпазы мен жүлдегерлері болғаны бір емес. Институт әскери оркестрі және оның әншілері ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Жүлдесіне әскери оркестрлер арасындағы республикалық конкурс лауреаттары болып табылады.

1997 жылғы 20 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары әскери училищеге жауынгерлік туды жеке өзі табыс еткен. 2009 жылы Үкімет Қаулысымен училище Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Әскери институты атына ауыстырылған. Әскери институт құрылу және қалыптасу жылдар ішінде құқық қорғау әскерлері жоғары білікті офицерлерінің «ұстаханасына» айналған – бұл ҚР Ұлттық ұланы үшін офицерлер кадрларын даярлауды іске асыратын Қазақстандағы жалғыз әскери-оқу орын.

 Институт базасында офицерлерді 7 мамандық бойынша даярлау жүзеге асырылады. Курсанттарды оқыту сегіз кафедрада жүргізіледі. Институтта біліктілікті арттыру факультеті жұмыс жасайды, онда жыл сайын еліміздің күші бар құрылымдарының офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мамандықтар бойынша қайта дайындауды өтеді.

Оқу орнының КТК командасы халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық «Көңілді және тапқыр клубы» ойындарының бірнеше мәрте жүлдегері. Институттың курсанттары, түлектері және әскери қызметшілері республиканың ар-намысын халықаралық спорттық ареналарда абыроймен қорғаған.

Түлектерге дипломды табыс ету салтанатты рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов және Петр Шарапаев, СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, Халық каһарманы полковник Қайрат Үмбетов, СҚО ІІД бастығы генерал-майор Берік Біләлов, ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының өкілдері – ҚР ҰҰ Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримов, ҚР ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев, ТжӘҚЖ Бас басқармасының бастығы полковник Савердин Имиров, Қырғыз Республикасы Ұлттық ұланының Жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы полковник Бактыбек Рахматов, Ұлы Отан соғысының ардагері Степан Башкиров, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, СҚО қырғыз және тәжік диаспорының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлері қатысқан.

Әскери рәсімді өткізгеннен кейін қонақтарға институт әскери қызметшілерінің көрсетілімдері ұсынылған: Әскери оркестрдің плац-концерті, карабиндермен саптық тәсілдер және шашкалармен дефиле орындалды, барабаншылар ансамбілінің ұсынымы және қоян-қолтық ұрыс тәсілдері көрсетілді. Концерттік бағдарлама офицерлік вальсін билеумен және күн шуақты аспанға ақ көгершіндерді ұшырумен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан

Әскери институтының аға офицері

сержант А. Қалиева

Фотогалерея

от admin

Добавить комментарий