7 мамыр күні Тәуелсіз Қазақстан халқы, армия мен Флот жауынгерлері Отан қорғаушысы күнін мерекелейді. Бұл күн біздің елімізде басқа да естелік күн қарсаңында тойланады – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күні. Жеңіс шежіресіне біздің жерлестеріміз — қазақстандықтардың есімдері алтын әріптермен енгізілген. Жеңіс күні! Бұл сөздер біздің әрбірімізге қымбат сөздер. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақ өсіп бой жетеді, бірақ ешқашан біздің халықтың ұлы ерлігі өшпейді. Бүгінгі таңда осы естелік пен алғысымыз біздің жүрегімізді біріктірсін. Біз мамыр күндері неміс-фашистік жаулаушыларынан Отанымызды қорғауға кеудесін тосып берік тұрған біздің ардагерлерімізге ризашылығымызды білдіреміз.   

 Әскери институт клубында өзара іс-қимылдағы органдардың және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен 7 мамыр күні Отан Қорғаушысы Күніне және Ұлы Отан соғысында фашистік Германияны жеңудегі Жеңіс күніне 71 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Жауынгерлік тудың енгізілуінен және оркестрдің «Будапешт» маршын орындауынан  кейін мерекелік бұйрық оқылды, онда институт әскери қызметшілерінің 50 астамы марапатталды. Грамота мен алғыс хаттарды табыс етуден кейін Әскери институт бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Александр Корнилов құттықтап сөйледі. Александр Александрович өзінің баяндамасында: «24 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы» тарихи Жарлыққа қол қойылған», ол тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштері құрылуының негізін қалағанын атап кетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы біртұтас қорғаныс кешеніне ажырамай кіреді және еліміздің заңдылығы мен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша маңызды міндетін орындайды және ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз күштерін шоғырландырады. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Отан қорғаушылары атағын жоғары абыроймен ұстауда, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз етеді». Сөз аяқталғаннан соң қатысып отырған соғыс ардагерлері Ғалымжан Ақболатовқа, Василий Макиенкоға, Александр Манинге, Андрей Плешаковқа, Анатолий Гершуновқа және Николай Деминге ұзақ қошемет соғылуымен сыйлықтар мен гвоздикалар табыс етілді. Кейін Жауынгерлік Ту апарылған соң барлық соғыстан қайтып оралмағандарды үндемеушілік минутымен еске алды …

Сонымен бірге, ӘИ Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полковник Әлібек Салықов, СҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Быхытжан Самиева, СҚО Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы филиалының басшысы Сағындық Салмұрзин жылы лебіздерін білдіріп құттықтады. Бұл жерде айта кететін жайт, Сағындық Досмақұлы институт әскери қызметшілерін өзінің ұйымы атынан алғыс хаттармен, ал Бахытжан Мағжанқызы әскери қызметші-әйелдерді марапаттады. Осы күні СҚО ІІД ғимаратында облыстық ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловтың қолынан офицерлер және курсанттар алғыстар алды.

Сұрапыл соғыс туралы естеліктерімен Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Демин бөлісті. Николай Иванович танкист болған, қажет болған жағдайда өзінің аласа бойының пайдасын тигізіп, барлаушы рөлін де атқарған, екі рет жарақат алған. Бүгінгі ұрпақ соғыс туралы әңгімелерден, кітаптардан, кинофильмдерден және әндерден біледі, ал сол соғыстан қалған ардагерлердің жан жаралары әліде айыққан жоқ. Олар үшін сол жылдардағы майдан әндері орындалды — «Журавли», «Огонек», «На сопках Маньчжурии», «Прощание славянки» және де, әрине «День Победы». Майдан туралы әндер – бұл соғыс шежіресі, олар ұрыс кезінде шығарылған әндер, сол ән-жырлар оларға күш-жігер берген және жауды жеңем деген сенімділіктерін оятып, олармен ерлікке барған. Сонымен бірге, ардагерлер алдында Иван Ефремов «Бауыржан туралы» атты өлеңді оқып берді, ал «Алуа» би ұжымының  ең жас бишілері акробатикалық элементтері бар биді сыйлады. Мерекелік концерт аяқталғаннан соң әскери қызметшілер және шақырылған қамқорлықтағы балалар үйінің балалары Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен естелік фотосуретке түсті.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Әскери институтының баспа-қызметі

фотогалерея

от admin

Добавить комментарий