Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтында Отан Қорғаушылар Күніне және ҰОС Жеңістің 71-жылдығына арналған Петропавл қаласының 200 санды орта мектеп оқушылары және колледж студенттері үшін Ерлік және патриотизм сабағын өткізумен Ашық есік күні өткізілді.

Әскери институт бастығы әскери ғылымдар докторы, профессор полковник Жұмабек Ахметовтің кіріспе сөзінен кейін, әскери-оқу орнының оркестрінің патриоттық тақырыпқа музыкалық шығармалардың орындалуымен іс-шара ашылды. Оқушылар және шәкірттер, олардың арасында бірінші сынып оқушылары да болған, оларға әскери техника, сонымен бірге СТР, атыстық қарулардың түрлері көрсетілді, әрине көрем дегендердің шегі болмады, сондай-ақ ракеталық-артиллериялық қару-жарақпен де танысты, онда шартты нысандарға көздеуге үйренді, қыздар мен ұлдар бұл орындарды ұзақ уақыт қарайлады. Дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасы жасөспірімдерді Әскери институттың әр түрлі спартакиада мен Кубок, медальдар мен грамоталар біріншілігінде жеңіп алған спорт жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ оқушылар институттың мұражайына олимпиада чемпионы Серік Сапиевпен табыс етілген бокс қолғаптарын риза болып ұстап көріп және киіп көріп жатты. Техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасы әскери киім нысанын және түрлі жиынтықтарды, сонымен бірге қақталған тағамдарды көрсетті. Институттың тыл қызметі әскери-далалық асхананы жайды, ол жерде қалағандар сарбаз ботқасының дәмін татты. Әсіресе ботқа кішкентай қонақтарға ұнады – бастауыш мектеп мұғалімдері айтқандай: «Оқушыларды мектепте бұны жегізе алмайсың, ал бұл жерде төртінші рет сұрап жатыр!». Сондай-ақ жасөспірімдер курсанттар казармасы жайымен танысты және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мұражай филиалын қарады. Барлық экскурсияның аяқталуынан кейін қонақтар барабаншылар ансамбілінің және «Ұлттық ұлан» вокалдық топтың қатысуымен концерттік бағдарламаны, сонымен қатар шетел курсанттары – Қырғыз және Тәжік Республикаларының нөмірлерін тамашалады.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Әскери институтының баспа-қызметі

Фотогалерея

от admin

Добавить комментарий