2016 жылғы 09 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты әскери қызметшілерінің арасында «Әскери институттың Үздік шешені-насихаттаушысы» байқау-конкурсы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқау-конкурс 2016 жылғы жарты жылдыққа арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институты жеке құрамымен тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жоспарының 9 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институты әскери қызметшілерінің насихаттық және шешендік шеберліктерін, коммуникативтік құзреттіліктерін, рухани және шығармашылық қабілеттіліктерін арттыру мақсатында өткізілді.

Конкурс келесі тақырыптарға арналған:

1) «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады».

2) «Құқықтық тәртіпті күзетуде және Конституцияға 25 жыл».

3) «Мемлекеттік және қоғам қайраткері, ғалым Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл».

Негізгі міндеттері:

1)  әскер әскери қызметшілерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

2) қабілетті, кәсіби-сауатты, білікті әскери қызметшілерді анықтау және олардың арасынан ТжӘҚЖ құрылымының кадрлық резервін құру;

3) жеке құрамды адамгершілік-әдептікке тәрбиелеу, рухани шамасын және эрудициясын арттыру, жеке өзін-өзі жетілдіру үшін шарттар жасау;

4) әскерлер әскери қызметішлері арасында жеке құрам алдында көпшілік алдында сөз сөйлеу тілдік машығының озық тәжірибесін зерделеу және жариялау.

Байқауға барлығы тоғыз үміткер қатысты: подполковниктер: Байбусинов М.Н., Белялов Р.Д., Никитенко Д.В., капитандар:  Нұрмаханов М.Б., Халиев Е.Ж., аға лейтенанттар: Қалиев Б.А., Мульдинов Р.Т., курсанттар: Ізім Е.М., Маршал А.А:, Нұрғали Ж.Т., Затыбек М.Ә.

Байқау-конкурсы жеңімпаздары туралы шешімді ереже бойынша конкурстық комиссия қабылдады. Байқау-конкурс конкурстық комиссиясы Байқау-конкурс жеңімпаздары мен жүлдегер тізімін  бөлек хаттамамен бекітіп, қорытындыны талдады. Конкурс жеңімпаздары жинаған ұпайлары сомасы бойынша анықталады. Дұрыс және жан-жақты бағалау үшін байқау комиссиясына өзара қатынастағы ұйымдардың өкілідері қатыстырылды, олар: Петропавл қаласының «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігінің басшысы Таңат Айтмұқашұлы Сүгірбаев және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әлеуметтік-тәрбие бөлімінің маманы Мадина Тұмырзақызы Қасенова.

Байқау-конкурс қорытындысы бойынша орын алған әскери қызметшілер келісті дәрежелі дипломмен марапатталды. Әділқазылар алқасының қорытынды сөздерінде де Ұлттық ұлан Әскери институтының әскери қызметшілерінің жан-жақты, шешендік өнерлері бар, нағыз патриоттар болып табылатына күмән жоқтығы туралы айтылды.

Әділқазылар алқасының шешімімен қатысушылар арасындағы орындар келесі тәртіпте берілді: 1 орын – қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы кафедрасының оқытушысы капитан Нұрмаханов Манас Берікұлына, 2 орын – 4 курс курсанты қатардағы Маршал Азамат Абайұлына, 3 орын – әскери педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы подполковник Белялов Руслан Дайыржанұлына.

Іс-шара өзінің қойған мақсатына жеткен және қызықты өткен сыңайлы, оған дәлел болған көрермендердің қошеметтерін аямай жаудыртып тамашалауы.

Шешен-насихаттаушыларымыз өз өнерлерімен болашақта Ұлттық ұлан қатарында болсын, еліміздің басқа салаларында болсын, Тәуелсіз Қазақстаным, Ата Заңымыз және Ұлағатты жол сілтер ұстаз-тұлғаларымыздың атын көтеруге өз үлестерін қосып отырғандарына, бүгінгі көрсеткен ықыластарына алғысымызды айтып, үстемдері алға бассын және де еліміздің намысын қорғайтын азаматтарымыз жылдан жылға көбейе берсін демекпіз!

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бөлімінің (мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі) аға офицері сержант А. Қалиева

Фотогалерея

от admin

Добавить комментарий