Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес 1993 пен 1999 жылдар аралығында Ішкі әскерлердің жедел мақсаттағы бөлімдердің екі мыңнан астам сарбаздар мен офицерлер тәжік-ауған шекарасында Қазақстан Республикасы дербес атқыштар құрама ротасы құрамында Үкіметтік міндетті орындаған. 1995 жылы 7 сәуірде Ішкі әскерлер Шымкент полкінің 7-ші құрама ротасының жауынгерлері үшін қайғылы күн болған. «Пшихавр» шатқалында моджахедтердің жағынан шабуылға душар болып, бандалық құрылымның күші үстем болған теңсіз ойлы-қырлы ұрыс орын алған. Сол қысылтаяң және қанды ұрыста Ішкі әскерлердің жауынгерлері қырағылық, батырлық көрсетті, әскери міндеттерін ар-намыспен орындады және Қазақстан батальонының абыройын түсірмеді, бұл ұрыста 17 жауынгер қаза болған, 33 әскери қызметішлері ауыр жараланған. Ішкі әскерлер жауынгерлерінің ерлігін еске алумен 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан бөлімдерінде жыл сайын Тағзым және ерлік күні аталып өтіледі. Осы күн – Ұлттық ұлан (Ішкі әскерлер) тарихында қайғылы күн болып мәңгілікке қалды.

Жоғарыда айтылғандай бүгін, яғни 2016 жылғы 07 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында Тағзым және ерлік күні іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара Ішкі әскерлердің 17 жауынгеріне арналып орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен ашылды.

Еске алу рәсіміне өзара іс-қимылдағы  құрылымдар мен қарулы күштер ведомстволары өкілдері, сондай-ақ әскери қызметшілер және 90-шы жылдары Ауғанстанмен Тәжікстан Республикасының шекарасында қызметтік іссапарда болған запастағы офицерлер қатысты.

«Ер есімі – ел есінде» деп, 1995 жылғы 7-ші сәуірде таулы Памирдің Пшихавр шатқалындағы қанды шайқаста қаза болған 17 ержүрек жігітімізді еске алып, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Исмақұлы Илеюсизов, Нұр Отан халық партиясының өкілі Иманғали Сұлтанұлы Татваев сөз сөйледі. Еске алу рәсіміне қатысқандардың бірі — «Арыстан» мамандырылған лицейінің бастығы Қазақстан Республикасы әскери ғылымдарының мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы генерал-майор Сәбит Сауменұлы Тауланов еске алу сөздерін айтып, Әскери институт жеке құрамына

Шайқаста қаза болған Ішкі әскердің жауынгерлері мемлекетіміздің жоғары наградасы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған, медальдар олардың туысқандарына табыс етілді. Олардың есімдері қызмет еткен әскери бөлім жеке құрамасының тізіміне мәңгілікке жазылды, ержүрек батырларымызға арналып әскери бөлімдерде ескерткіштер орнатылды. Душанбе қаласының төріндегі «Халықтар достығы» саябағының нақ ортасында тәжік-ауған шекарасын қорғауда қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына арналған Монумент ашылды. Қазақстанның ерікті батальоны құрамындағы ержүрек жауынгерлердің өшпес ерлігі мәңгілік тарихта қалмақ.

 

Әскери институттың тәрбие және

әлеуметтік-құқықтық жұмысы бөлімінің

(мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі) аға офицері

сержант А.Қалиева

Фотогалерея

от admin

Добавить комментарий