2016 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында «Ұлттық ұлан тәуелсіз елдің күзетінде: қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетінің теориясы мен практикасы (Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына)» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметтік-жауынгерлік әрекеті, теория және практиканы жетілдіру.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Басқолбасшысы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих қағидалары және қазіргі заман» баяндамасында, біздің тәуелсіздігіміз – «… қазақ халқының ғасырлар бойындағы тарихындағы миллиондаған ата-бабаларымыздың бостандық үшін күресі мен құрбандығының нәтижесі… Біздің сарбаздарымыз, офицерлеріміз бен генералдарымыз мықты, заманауи жауынгерлік техникамен жабдықталған, үйренген және әрқашан мемлекет шептерін қорғауға дайын әскерлері бар мемлекетті ғана құрметтейтіндігін мәңгі есте ұстау керек. Тек осы фактор бейбітшілікті сақтауға нақты жұмыс істейді, мемлекетті құрметтеуге мәжбүрлейді. Бұл фактордан бейбітшілік беріктеу болады», – деп белгілеген.

«Тәуелсіздік біздің ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, көптеген ұрпақтар азап шегіп қасиетті жерімізді қан мен терін төгіп қорғады. Тәуелсіздік – біздің туған жеріміз бен Отанымыз, Қазақстанды соңғы тамшы қаны қалғанша қорғау әрбір азаматтың қайсар міндеті болмақ деп біздің ата-бабаларымыз өсиет етті, – деді Н. Назарбаев.

Бұл жағдай өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияның тақырыбын алдын ала анықтады, әсіресе 2016 жылы Ұлттық ұланда жауынгерлік сайыс «Тәуелсіздік – тұғырымыз, Отанға қызмет – борышымыз!» ұранымен ұйымдастырылған.

Конференцияға Ресей, Беларусь, Украина жоғары білім ұйымдарының ғалымдары, оқытушылары және тыңдаушыларынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан басшылығынан, жоғары білім ұйымдарынан және әскери институттарынан 230-дан астам мақала ұсынылды. Конференцияға Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Академиясынан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінен, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, ««Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалынан қатысты.

Конференцияда қарастырылған мәселелер:

Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін жетілдіру: теориясы мен практикасы;

күш институттарының, мемлекеттің жергілікті басқару органдарының өзара әрекеттестігі және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді жан-жақты қамтамасыз ету мен оларды шешу мәселелері;

—   әскери оқу орындары курсанттарын оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдістер: инновациялық технология және енгізу жолдары;

әскери ЖОО оқытудың кредиттік технологиясын енгізу әдістемесі: теориясы мен практикасы.

Конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару шешім қабылданды.

фотогалерея

от admin

Добавить комментарий