2016 жылғы 18 наурызда әскери-оқу орнының саптық алаңында Қазақстандағы жалғыз құқықтық тәртіп әскерінің жоғары әскери-оқу орнының құрылуына 19 жыл толуын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Еліміздің ең солтүстігінде орналасқан Петропавл қаласында құқықтық тәртіп әскерінің жоғары іскери училищесін құру туралы шешім, ол уақытта мемлекетімізге зор маңызы бар 1997 жыл болған, «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданған уақытта, бірінші басымдығы ретінде ұлттық қауіпсіздік жарияланған. Бүгінгі таңда біз осы және басқа да Қазақстанның даму Стратегиясының жақсы іске асырылуына көзіміз жетіп отыр.

Әскери институт – бұл жоғары білікті құқықтық тәртіп әскерінің офицерлерін даярлайтын «ұстахана», институт Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындауға зор үлес қосады. Бұл Қазақстандағы жалғыз құқықтық тәртіп әскері үшін офицерлер мамандарын дайындауды іске асыратын әскери-оқу орны.

Әскери институт өзінің қызмет ету уақыт аралығында он бес шығарылымды жүзеге асырды, 2700 астам түлектерді әскерге жіберген, олардың ішіндегі 239 оқу орнын үздік аяқтаған, 41 түлекке «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» кеуде белгісі табыс етілген.

Жыл сайын институтта Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан ғалымдары және әскери мамандарының қатысуымен   халықаралық ғылыми конференция өткізіледі.

Институттың ғалымдары өздерінің зерттеулері нәтижелерін институттың оқу-тәрбие үдерісінде және Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметінде іске асырады, еліміздегі және шетелдегі халықаралық ғылыми конференцияларға жүйелі түрде қатысады. Ресей ІІМ ішкі әскерлерінің әскери институттарымен, Түркия Республикасының Жандармериясымен халықаралық байланыстар дамып келеді. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен Меморандум бекітілді.

Қазіргі уақытта үлкен өмірлік және қызметтік-жауынгерлік тәжірибелі жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан.Институттың ғылыми потенциалын 46,5% оқытушылар құрамынан тұрады. Сонымен бірге 15 ғалым, оның ішінде 2 доктор және 13 ғылым кандидаты.

Бүгінгі күні институтта 44 оқытушы жоғары оқу орнын бітірген біліммен, 38 Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының магистратурасында, докторантурасында, адъюктурасында және аспирантурасында оқып жатыр. 6 оқытушының мындай атақтары бар: еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық санатының спорт шебері және спорт шебері. Институттың 13 офицері Ресей, Беларусия докторантурасында және магистратурасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік университетінде және Шекара қызметінің Академиясында оқып жатыр.

Бірнеше ғалымдар Қазақстан және Ресейдің, Қазақстан педагогика ғылымының  Академиясының академиктері, тілші-мүшелері және профессорлар ретінде танылған.

Әскери институттың курсанттары жыл сайын ҚР ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасындағы үздік ғылыми жұмыс атты халықаралық және республикалық конкурстарға қатысып, дәстүрлі түрде жүлделі орындарды иеленеді. Апта сайын курсанттар ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірлесе елбасымен қойылған маңызды міндетті орындай, тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, құқық бұзуға «нөлдік» шыдамдылықпен Петропавл қ. қоғамдық тәртібін және қауіпсіздігін күзету бойынша жауынгерлік қызмет өтеуге қатыстырылады.

Институт әскери қызметшілері біздің облыс пен қаланың қоғамдық, мәдени, рухани өмірімен  тығыз бірлескен, барлық маңызды іс-шараларға және акцияларға қатысады. Әскери ұжым және оның әртүрлі саладағы жетістіктері қалаға, облысқа және республикаға мәлім-бұл ғылыми жетістіктер, шығармашылық табыстар мен спорттық нәтиежелер.

19 жыл бұрын ел Президенті алғаш Жауынгерлік туды табыс ете, сенімділігін танытқан: «Солтүстік климаттық жағдайда тәрбиеленген және оқытылған ккурсанттар нағыз армиялық машықталады және болашақта Қазақстан Республикасы Ішкі әскердің офицерлер корпусының негізін құрады».

Бұл сенім қолбасшылық, профессорлық-оқытушылар құрамының және еліміздің барлық өңірлерінде қызмет өтеп жүрген оқу бөлімшелері командирлері түлектерінің жалпы күшпен іске асырылды. Олар негізінен өздерінің лауазымдық міндеттерін рота-батальон-полк буынында орындауда. 42 түлек біздің елдің және Ресейдің әскери академиясын оқып бітірген. Ұлттық ұланның рота және линиялық батальондар басқармасы буынындағы офицерлердің 90% аталмыш Әскери институтты бітірген. 170 астам офицер Бас және өңірлік қолбасшылық басқарма, бөлім, қызмет лауазымдарында қызмет өтеп жүр. Әрбір полк пен бөлек батальон командирінің орынбасары біздің түлек. 8 түлек ӨңҚ Қолбасшысы мен бригада командирінің орынбасары болып табылады.

66 түлек Әскери институтта қызмет етеді, оның ішіндегі 19 – кафедра оқушылары. 248 офицер Қазақстан Республикасы МҚҚ, ҚМ, ҰҚК ШҚ жақсы қызмет атқаруда. 61 түлек «Бүркіт» ПСН қызметінде өтеуда, олардың 16-сы біліктілік сынақ өтіп,  қызыл берет кию құқылы.

Салтанатты рәсім Әскери институттың саптық алаңында жергілікті мемлекеттік органдары, Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық ұйымдарының өкілдерін және ұлан ардагерлерін шақырумен өткізілді. Салтанатты бөлімнің аяқталуымен жеке құрам мен қонақтар назарына Әскери институт әскери оркестрінің орындауындағы плац концерт көрсетілді, сондай-ақ барабаншылар ансамбілі мен карабинщиктер тобының көрсетілімі ұсынылды.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Әскери институтының баспа-қызметі

Фотогалерея

от admin

Добавить комментарий