2015 жылғы 23 наурыз күні Әскери институттың спорт залында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған «Институт барысы» жеке біріншілігін өткізу бойынша дәстүрлі турнир өтті.

Жарыстар «қазақ күресі» ережелері бойынша олимпиада жүйесі жөніндегі 70 килограмм және жоғары абсолюттік салмақтық санатында өткізілді. Мұндай санаттылар 32 адам жиналған. Сайып келгенде, қатты және ымырасыз айқаста «қоланы» жеңіп алған 4 оқу ротасының командирі капитан Самат Жапаров, бірінші курс курсанты Ержан Оразбек екінші орынды иеленді. Өжетті күрестің жеңімпазы болған 3 курс курсанты Дархан Дәулетов.   Марапаттарды, грамоталарды және сыйлықтарды жеңімпаздарға спортқа бейімді балаларға арналған мектеп-интернат директоры Смаил Аманов, Петропавл қаласының күрес бойынша ББОМ директоры Ғалым Өркешов, СҚО бойынша күрес федерациясының құрметті президенті Бауыржан Құлжанов және СҚО «қазақ күресі» бойынша аға жаттықтырушысы Еслямбек Бекмұрзин табыс етті. Жеңімпазға чемпион шапанын Әскери институт бастығы әскери ғылымының докторы, профессор полковник Жұмабек Ахметов табыс етті.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Әскери институтының Баспа-қызметі

Фотогалерея

от admin

Добавить комментарий