Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыны Әскери институтындағы офицерлердің біліктілігін арттыру факультетінде Ұлттық ұлан бөлімдерінің ерекше тыңдаушы – 22-і әскери психологтарының оқуына қорытынды жасалды.
2015 жылдың 30 наурызы мен 21 сәуірі аралығында психологтар әскери-оқу орнының қабырғасында өздерінің әскери білімдерін жетілдірді. Сабақтар тікелей факультет пен әскери педагогика мен психология кафедрасында өтті, сондай-ақ осы оқушылар санаты үшін СҚО бойынша білім басқармасының «Білім беру аясындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технология орталығымен» өзара әрекеттестікте практикалық психология бойынша сабақ ұйымдастырылды.
Оқу бағдарламасын сапалы іске асыру, практикалық машықтарын арттыру және кәсіби дайындықтарын жетілдіру мақсатында, әскери психологтар «Психикалық алдын алу және психогигиена апталығы» аясында курсанттардың оқу бөліністерімен психодиагностикалық іс-шараны өткізуге белсенді ат салысты.
Емтихандарды табысты тапсырғаннан және арттыру курсын аяқтағаннан кейін, салтанатты түрде психологтарға куәліктер табыс етілді. Тарихи құжатты ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының өкілі, Бас басқарманың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарының бастығы полковник Савердин Имиров табыс етті.
Сондай-ақ БӘЖжАТ орталығының азаматтық оқытушылары да ықылассыз қалған жоқ, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бұйрығымен оларға ұлттық ұлан белгісі бар сағаттары мен тыңдаушылардан гүл шоқтары табыс етілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институтының баспасөз хабарламасы