Осы шағын мақаламды бастамас бұрын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына тоқталығм келіп отыр: «Біз Жалпыұлттық идеямыз Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуел-сіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық… Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі… Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел. Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы».

Енді сол Мәңгілік Ел – Тәуелсіз Қазақстанның  ұлттық идеялогиясына, басты темірқазық – бағыт-бағдарына айналып отыр.

Осыған орай есік ашқан Жаңа, 2015 жылы, Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін бар сән-салтанатымен атап өту сол Мәңгілік Ел мұраттарының өміршеңдігі мен жасампаздығын көрсететін ерекше шара болары сөзсіз.

Әрине, Қазақ жерінде бұдан бес жарым ғасыр уақыт бұрын да біздің ата-бабаларымыз тұрған, ұрпақ өсіріп, басты байлық – туған жерімізді өздерінің кейінгі ұрпағына аманат еткен.

 Сонау Керей мен Жәнібектен бастап бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі алаштың айтулы азаматтарының аңсағаны осы Тәуелсіздік еді. Осынау қасиетті де қастерлі жолда Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Қанжығалы Бөгенбай, Тама Есет, Шақшақ Жәнібек… – қазақтың талай ержүрек батырлары мен Төле, Әйтеке, Қазбек сияқты билері жауына қарсы шайқасты.

Кешегі Керей мен Жәнібек хандардан бастау алған бұл үрдіс бүгіндер шырқау шыңына жетті десек жарасар. Осыған орай 215 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында болашақ ұрпаққа, курсанттар мен сарбаздарға тәлім тәрбие ретінде, өз еліне, жеріне, Туына, халқына деген патриоттық сезімін оятатын, рухын көтеретін, Қазақ мемлекеттігінің құрылғанына 550 жыл, тамаша мерейтойын тойлауға арналған шағын театрландырлыған шара өтті. Бұл шараға 3 оқу батальонының 5 және 6 оқу роталарының 4 курс курсанттары ат салыса қатысып, кейіпкерлердің рөлін нақышына келтіріп, сомдап шықты. Театрландырылған шағын көрініс көрермендердің бауырын баулап, рухтарын көтерді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы полковник Жұмабек Хатиоллаұлы Ахметов сөз соңында өзінің шексіз алғысын білдіріп, көрініске қатысушыларға алғыс жариялады. Мақаламның соңын Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.

 

                              Бабаларым рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп көркеуде.

   Қобызың мен қосып маған тіл бердің,

  Мен өмірге мылқау болып келгенде.

                              Бабаларым рахмет сендерге!

       Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,

Арулардың ашпаи кеткен мұңдарын,

     Қорқытыңның қорқынышты мұң зарын.

 Қобызыңның шанағыңнан тыңдадым,

                             Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

                             Сыр ашпайды тау тастағы іздерің,

 Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын.

                             Домбыраңның пернесінен іздедім,

                             Іздедімде сәттеріңді түңілген.

                             Тастап кеткен аңызыңа жүгінем,

                             Жүгінем де қайта туғам тірілгем,

                             Тарихымды жазудамын бүгін мен,

                             Бабаларым сенің ана тіліңмен!

                             Мына менің қайта туған күнімде,

                             Сөйле оркестр дүрілде бір, дүрілде.

                             Сөйле Моцарт менің ана тілімде,

                             Сөйле Данте менің ана тілімде!

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бөлімінің

(мемлекеттік тілде дамыту жөніндегі) аға офицері

лейтенант  Г. Ибрагимова

Суреттер

от admin

Добавить комментарий