23 желтоқсан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының клубында әйелдер кеңесінің белсенді ат салысуымен әскери-оқу мекемесі әскери қызметшілерінің 117 баласы үшін жаңа жылдық таңертеңгілік өтті.
Көрініс бірнеше нөмірлерден тұрды, оған курсанттар да қатысты. Таңертеңгіліктің негізгі желісі «Бауырсақ» жайлы ертегі болды. Бауырсақ пен жүргізушінің рөлін бір уақытта шығарылым курсының курсанты Жандос Оралов атқарды. Қалай болғанда да, жаңа жылдық іс-шаралар Аяз ата мен Ақша қарсыз өтпейді, олардың бейнесін 3 курс курсанты Максим Борцов пен оқу зертханасының бастығы подполковник Альбина Аманжолова сомдады. Альбина Болатқызы Әскери институттың әйелдер кеңесінің төрағасы болып табылатындығын және оның бастамасы мен қарқынды қызметінің арқасында балаларды өзіне жылы тартумен іс-шараны өткізгендігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ ол және оның негізгі көмекшілері — әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары филология ғылымының кандидаты лейтенант Ақмарал Жәмитова, аға мамандар – старшиналар Наталья Жексембеева, Людмила Зенченко және сержанттар Жанна Макина, Дина Даулетова (ол «Бауырсақ» ертегісінде Түлкінің рөлін сомдады). Сонымен қатар олар 2014 жылы мына іс-шараларды: балаларды қорғау күнін, білім күнін өткізді. «Бауырсақ» ертегісі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілердің балаларына жаңа жылдық сыйлықтар мен ойыншықтар табыс етілді, ал Аяз ата тақпақ пен өлең айтқан ұлдар мен қыздарға шоколадтар сыйлады.
26 желтоқсанда әйелдер кеңесінің, клуб бастығы сержант Динара Ақжанованың және оркестрдің бастығы лейтенант Дархан Рахимғалиевтің, сондай-ақ 3 курс курсанттарының құрамындағы шығармашылық десант Әскери институтқа қарсы орналасқан жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа келіп, концерттік бағдарлама қойды. «Жұмылдыру тобын» Әскери институт бастығының (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі) орынбасары подполковник Атабек Салықбаев басқарды. Курсанттар таңертеңгілікті жүргізетіндермен ұйымдастырған барлық ойындарға белсенді қатысты, 2 курс курсанты Айбол Тәжібаев бірнеше музыкалық нөмірлерді орындады, ал соңында үшінші курс курсанттары акробатикалық элементтер көрсетумен «Лезгинка» биін билеп берді.
Әскери институтпен және мектеп-интернатымен үнемі қарым-қатынас жасау ертеден келе жатқан достық дәстүрі деп айта кеткен жөн. Сондықтан бүгін де, өткен жыл секілді жетім балаларға сыйлықтар табыс етілді. Облыстық мектеп-интернатының директоры Ризабек Какпеновте қарызда қалмай, бірлескен қызмет және балалар мектеп-интернатының өміріне белсенді қатысқаны үшін Әскери институтқа алғыс хатты табыс етті.
Р. S. Сондай-ақ, үшінші курс 4 оқу батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Дулат Имановтың жетекшілігімен, біздің басқа да көршіміз – 3 қалалық емхананың маңындағы мұз қалашығын салуға белсенді үлес қосты (төбешік пен бірнеше мүсіндер жасады).
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Әскери институтының баспа қызметі