img_0486Әскери институты бастығы полковник Ж.Х. Ахметовтың бастамасы бойынша Ішкі әскерлердің әскери-оқу орындарында қазақша күрес бойынша республикалық жарыстарға ұқсас «Институт барысы» атты балуандық турнир өткізу спорттық дәстүрге айналды, дәлірек айтқанда өткен маусымда халықаралық дәрежеге енгізілді. Ағымдағы жылда турнир екінші рет өткізілді және ол көктемнің теңелген күні – 22 наурыз мерекесін тойлауға сайма-сай келді. Тұғырға барлық курстардан қатысқан 16 курсант және қамтамасыз ету батальонының мерзімдік қызметінің бір сарбазы шықты. «Шықты» — деп мен дұрыс айтпадым, өйткені оларды оқу батальондарының командирлері шығарып таныстырды. Комабаттар ұлттық шападар киіп, қолдарына қамшы ұстап осы күрес түрінің ұйтқысы болды. Алқалар құрамына күрестің БЖСМ директоры Оркешов Ғалым Сағадатұлы және осы мектептің жаттықтырушысы Бекмурзин Еслямбек Абдульманұлы кірді.

Жеребе салып болғаннан кейін қатысушылар олимпиядалық жүйе бойынша 1/8 финалын бастап кетті, өйткені алдыңғы рауындтар бөліністер бойынша апта бұрын болған еді. Бас әділқазы полковник Ж. Ахметов, кілемшедегі әділқазы қазақша күрес бойынша спорт шебері – дене шынықтыру дайындығы мен спорт кафедрасының оқытушысы аға лейтенант Айбек Хырыхбай болды.

img_0817Барлық айқас қиян-кескі болды, бірақта көптеген балуандар өздерінің айқастарынан біріңғай тап-таза жеңілді. Оның есесіне жартылай финалға шыққандардың барлығы да институттың балуаны атануға қабілетті еді, бірақта жүлделі орындар келесі түрде бөлінді: қолаға – 111 оқу тобының курсанты кіші сержант Амиров Нұржан, күміс – ұрыстың соңында жеңісті қолынан шығарып алған 2 курстың курсанты қатардағы Қайнар Адиқанов иеленді. Ал, жеңімпазымыз 86 салмақтағы үшінші курс курсанты Манас Абуов болды. Ол медаль мен грамотадан басқа, жеке институт бастығының қолынан шапан мен бөрікке ие болды. Жарайсың, Манас!

Капитан Руслан Қайыркенов,

Петропавл қ., сурет автордікі.

 

Бұл іс-шараның фотолары →

от admin

Добавить комментарий