Осындай атаумен ағымдағы жылдың 18 наурызы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери институтында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Басқа әскери жоғары оқу орындары өкілдерінің, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Белоруссияның, Украинаның, Қырғызстанның әскери бөлім офицерлерінің қатысуымен әскери институттың құрылған күнінде жыл сайынғы ғылыми конференцияны өткізу Ішкі әскерлердің әскери-оқу орындарының жақсы дәстүріне айналды.

Осы конференцияның мақсаты Ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің кәсіби дайындық негіздеріне ғылыми-теорияны түсіндіру және оларды жетілдіру бойынша практикалық кепілдемелерді меңгерту болып табылады. Онда келесі көкейкесті мәселелер: педагогикалық шарттар, кәсіби дайындыққа талап және оны бейнелеу; әр түрлі санаттағы әскери қызметшілермен әскерлерде кәсіби дайындықтың педагогикалық негіздері мен технологиялары; кәсіби дайындық процесінде әскери қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қарастырылды.

Заманауй қазақстандық қоғамда демократияландыру процестері офицерлердің кәсіби дайындықтарының жаңа мазмұнын іздестіруді қарастырады, ол әскери білім беру жүйесіне ерекше талапты ұсынады. Сондай-ақ патриотизмнің жоғары сезімімен, қызметтік, жауынгерлік, оқу-жауынгерлік және пеадогикалық міндеттерді білікті түрде шешуге қабілетті, кәсіби дайындалған тұлғаларды жоғары әскери-оқу орындарында дамыту мәселелері болып табылады.

Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Мәңгілік елге жету жолында: «Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құрушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» — деп негіз болатын құндылықтарды атап өтті.

Қазіргі уақытта жоғары әскери білім беру жүйесі офицерлік кадрларды дайындауға мүмкіндік береді, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күрделі міндеттерді орындауға қабілетті. Бірақта, офицерлердің кәсіби іс-әрекеттеріндегі түбегейлі өзгерістерімен байланысты, қоғамның жылдам дамуын туғызған, ақпараттарды үнемі жаңарту әскери кәсіпқойлардың кәсіби дайындықтарының құрылым мен мәнінің мазмұнын қайта ойладу талап етеді. Бұл келесі кезекте оның сапасын арттыруды болжайды.

Әскери оқу орындары офицерлері мен түлектерінің кәсіби дайындау сапасын арттыру әскери педагогикадағы маңызды мәселе болып отыр, бұны ғылыми-практикалық шешімсіз, әскери мамандардың кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейлерін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бұл 2014 жылы әскери институтта өткізілген ғылыми-практикалық конференцияның тақырыбын алдын ала белгіледі, бұл Ішкі әскерлер сияқты, толығымен, офицерлердің және болашақ түлектердің кәсіби дайындығының маңызды рөлін анықтайды.

Материалды дайындаған

капитан Руслан Қайыркенов, Петропавл қ.

Сурет автордікі

 

Материалы СМИ

You need to install or upgrade Flash Player to view this content, install or upgrade by clicking here.

You need to install or upgrade Flash Player to view this content, install or upgrade by clicking here.

от admin

Добавить комментарий