Кеңестер одағының құлдырауынан кейін, Тәулесіздіктің алғашқы жылдары офицерлік кадрлардың көкейкесті мәселесі Қазақстанның барлық армиясына қатысты, оның ішінде Ішкі әскерлерге де тәуелді болды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы қаулысын шағарды.
1997 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев Жауынгерлік Туды табыс ете отырып, «Мен, Солтүстік климаттың жағдайларында тәрбиеленген және оқытылған курсанттар, нағыз армиялық шыныққандықты алатындығына және болашақта Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің жаңа офицерлік корпусының неігізін құрайтындығына сенемін» — деп атап өтті.
Еліміздің солтүстігінде орналасқан, Петропавл қаласында Ішкі әскерлердің Жоғары әскери училищесін құру туралы шешім, сол уақытта 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясы бірінші ұлттық қауіпсіздік бағытын жариялау біздің еліміз үшін стратегиялық мәні болды. Бүгінгі таңда біз Қазақстанның даму стратегиясының осы және басқа да бағыттарының табысты іске асуын көріп отырмыз. 2009 жылы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен училище Ішкі әскерлердің әскери институты болып ауыстырылды.
Қазіргі уақытта әскери институтта жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық, командалық және профессорлық-оқытушылар құрамы таңдап алынған және қалыптасқан, жақсы материалдық база құрылған. Институтта үлкен өмірлік және қызметтік-жауынгерлік тәжірибелерімен оқытушылар еңбек етуді және өздерінің білімдерін беруде. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Үкімет және Ішкі істер минстрліктің, ғылым және білім наградаларымен марпатталған адамдар да бар.
Бүгінгі таңда әскери институттың түлектері Қазақстанның түпкір-түпкірлерінде қызмет етуде. Олардың негізгі ұйытқысы рота-батальон-полк тобында өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау. Түлектердің бір қатары біздің еліміздің Ұлттық қорғаныс университетін, әскери академияларын және Ресей университеттерін бітірді. 180 офицер әскерлердің және әскери құрамалардың бөлімдерінде қызметті табысты атқаруда, оның ішінде Республикалық гвардияда, Президент күзетінің қызметінде, қорғаныс минстрлігінде, ҰҚК шекара қызметінде және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша минстрліктің бөлімдерінде. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен батылдық пен өжеттілік көрсеткендері үшін: майор Н. Нұрбаев, капитандар А. Искаков және Е. Байжанов мемлекеттік наградасы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальімен наградталды.
2014 жылдың 18 наурызында әскери институтқа 17 жыл толды. Салтанатты бөлім жоғары оқу орнының барлық жеке құрамының, сондай-ақ 17-і мен 20 наурызы аралығында өңірлік қолбасшылықтың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары басқармасының бастықтарымен және әскери бөлім командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен өткізілген оқу-әдістемелік жиынға қатысушылардың қатысуымен плацта өтті. Жоғарыда тұрған қонақтар да болды, олар: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов, ел ордамыздан келген – ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Бас қолбасшысның ТӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник М. Сатов, ІӘБҚ ТӘҚЖ Бас басқармасының бастығы полковник С. Имиров, сондай-ақ облыстық күштер құрылымының – ІІД, ТЖД, Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасының басшылықтары қатысты. Бұл мереке күні облыс әкімінен бастап өзіміздіклерден аяқтай отыра, әскери-оқу орнының әкери қызметшілерінің, оқытушыларының, ардагерлерінің көпшілігі, оның ішінде институт қолбасшылығы әр түрлі бұйрықтармен марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан, өрттен қария адамды құтқарған 4 курс курсанты Собир Базарбаев наградталды, оған «Қызметтің үздігі» төс белгісі табыс етілді.
Материалды дайындаған
капитан Руслан Қайыркенов, Петропавл қ.
Сурет прапорщик Вячеслав Гельблингтікі
Все фото данного мероприятия в нашей Галерее →