2014 жылдың 4-і мен 7 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери институтында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері өңірлік қолбасшылығының, бригадаларының, бөлімдерінің және әскери институттың медицина қызметінің бастықтарымен және аға дәрігер-эпидемиологтармен оқу-әдістемелік жиыны өтуде.

1-11Жиынның мақсаты басшылықтың барлық деңгейінде медициналық қамтамасыз етілу нәтижелілігін үнемі арттыру, басшылыққа алу процесінде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін барлық жерде пайдалану, қолда бар күштер мен құралдарды нәтижелі пайдалану болып отыр. Басқару ерекшеліктері: емдеу-эвакуациялық (емдеу-алдын алу) іс-шаралары, санитарлық-эпидемиялық бақылау және эпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шаралары.

5 ақпанда жиынның екінші күнінің аяқталғанынан кейін сағат 18.00-де салтанатты түрде әскери-оқу орнының клубында олардың ішінде жақсыларды -5546 әскери бөлімінің медицина қызметінің бастығы медицина қызметінің майоры Болатбек Мұқашевті, Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің «Орталық» өңірлік қолбасшылығы медицина бөлімінің аға офицері (дәрігер-эпидемиологы) медицина қызметінің подполковнигі Сергей Дадыверинді құрметтеу кеші өтеді.

 

Медицина қызметінің майоры Мұқашев Болатбек Өтегенұлы, 1974 жылы 12 ақпанда Ақтөбе обласы, Хромтау ауданының Копинский поселкесінде дүнйеге келген. Ұлты – қазақ.

1981 қыркүйекте Копинскидің орта мектебінің бірінші сыныбына оқуға барып, 1991 жылдың 25 маусымында аяқтап шығады. Мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбенің мемлекеттік медициналық академиясының педиаторлық факультетінің бірінші курсына оқуға түседі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының 2001 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен ҚР ІІМ ІӘ әскери қызметке алынады. 2009 жылдың 9 қазанынан бастап 5546 әскери бөлімінің медицина қызметінің бастығы. 1-12

Медицина қызмтенің подполковнигі Дадыверин Сергей Александрович 1978 жылы 12 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1995 жылы, мектепті аяқтағаннан кейін Қарағандының мемлекеттік медициналық институтының жалпы медициналық факультетіне оқуға түседі. 2001 жылы гигиеналық-эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша Қарағандының мемлекеттік медициналық академиясын аяқтайды. 2001 жылы ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжісі қасындағы алғашқы дайындықта айлық курсын өткеннен кейін, 2001 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Қарағанды облысының ӘМ бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының 159/11 мекемесінің санитарлық-эпидемиолог станциясының аға маманы-аға дәрігері лауазымында қызмет атқарады.

2003 жылдан 2005 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының әділет министрлігі бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының 159/1 (СИ-16) мекемесінің санитарлық-эпидемиолог станциясының аға маманы-аға дәрігері лауазымында қызмет атқарады. 2005 жылдан 2010 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының әділет министрлігі бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының медициналық бөлімшесінде санитарлық-эпидемиолог қызметіне басшылық етеді.

2010 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Қарағанды құрамасының медицина қызметінің аға дәрігер-эпидемиолог лауазымында қызметті одан әрі атқару үшін ауыстырылады. 2013 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің «Орталық» Өңірлік қолбасшылықтың медицина бөлімінің аға офицері (дәрігер-эпидемиологы) лауазымына тағайындалды.

Капитан Р. Қайыркенов,

Петропавл қ., сурет автордікі.

 

Все фото данного мероприятия можно посмотреть в нашей Галерее →

от admin

Добавить комментарий