Офицерлер. Сейсенбі, 18 маусым 2013
Петропавл әскери институты 1997 жылы құрылып, Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жауынгерлік Туды салтанатты жағдайда табыс еткен болатын. Содан бері оның қабырғасынан 2280 түлек жоғары әскери білім алып, қорғаныс құрылымдарында абыроймен еңбек етіп жүр.
Биылғы оқу жылы жас сардарлардың есінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Әскери өмірге жолдама алған түлектердің қатарында көршілес Қырғызстаннан – 8, Тәжікстаннан 10 өкіл лейтенант шенін иеленіп, офицер атанды. Сөйтіп, еңселі оқу орны халықаралық әскери кадрлар әзірлеудің ұстаханасына айналды. Салтанатты шараға ІІМ ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Руслан Жақсылықов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, Қырғыз Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Болот Аманалиев, Тәжікстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, подполковник Музаффар Джабборов, ішкі әскерлер ардагерлері, қоғамдық ұйым, жастар өкілдері, институт бітірушілердің туған-туыстары қатысып, еліміздің әскери құрылымдарына 234 офицерді үкілеп шығарып салудың куәсі болды. Олардың 17-і әскери институтты үздік, 4-і озат кеуде белгісімен аяқтады.
Президенттің тікелей тапсырмасымен Қызылжар өңірінде отау тіккен әскери білім ордасы алғашқыда әскери училище ретінде шаңырақ көтерсе, кейін әскери институт мәртебесі берілді. Қазір мұнда болашақ офицерлер 7 мамандық бойынша тәлім-тәрбие алады. 7 кафедра, біліктілікті арттыру факультеті жұмыс істейді. Еліміздегі ішкі әскерлердің батальондар құрамындағы офицерлердің 90 пайызын институт түлектері құрайды. Олардың арасында полк командирі дәрежесіне жеткендері, әскери шенді кезектен тыс алғандары аз емес. Курсанттар ІІМ аясында ұйымдастырылған түрлі байқаулардың жеңімпаздары, жүлдегерлері саналады. М. Бірімжанов, Ә.Тыналин, С.Қадырбеков кикбокстен, А.Қырықбай қоян-қолтық ұрыстан, Д.Колесников гір көтеруден әлем чемпионы болды. Р.Жақсылықов, Ішкі істер министрінің, А.Сапаров аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Отанға, елге қалтқысыз адал қызмет етуге шақырды. Институттың саптық алаңында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің тулары салтанатты түрде көтеріліп, көк байрағымыз желмен жарыса желбірегенде кешегі курсанттардың офицер атану салтанатын тамашалай келген ата-аналар мен жұртшылық ерекше сезімге бөленді. Оларға ертеңгі ел қорғаны сеніп тапсырылған зор жауапкершілікті іштей сезініп, ақжол, сәт сапар тілесіп жатты. Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан ішкі істер министрлерінің лейтенант шенін беру туралы бұйрықтары жеткізіліп, оқуды аяқтағаны туралы құжаттар тарту етілді.
Сонымен, білікті офицерлердің тағы бір легі ішкі әскерлер, шекара қызметі, республикалық ұлан, «Бүркіт» арнайы бөлімшелерінде қызмет етуге кәсіби біліктілікпен аттанды.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан», Петропавл.
The international graduation of officers passed for the first time in Petropavlovsk, reports the correspondent of BNews.kz.
The significant event took place in the history of Military institute of Internal troops of the Ministry of Internal Affairs of RK. In a festive atmosphere an officer rank «lieutenant» and diplomas about the higher education institution completion, together with the Kazakhstan graduates were gained by eight representatives of the Kyrgyz Republic and ten – from Tajikistan.
The deputy of the governor of the North Kazakhstan region-Aydarbek Saparov, the commander-in-chief of Internal troops of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan, the general – major Ruslan Zhaksylykov, the internal troops commander of the Ministry of Internal Affairs of the Kyrgyz Republic-colonel Sovetbek Arbayev and the deputy commander of the Internal troops of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Tajikistan on combat training-lieutenant colonel Muzaffar Dzhabborov took part in the ceremony of investiture of officer’s shoulder strap.
After carrying out the military ritual demonstration the guests were shown the performances of the military personnel of the institute: execution of front receptions with carbines and performance of ensemble of drummers. Parents of graduates were pleased by the performances of the karatekas, weight lifters, a special group and gymnasts. The soloists of an orchestra and creative staff of the regional center performed the songs of patriotic character. The concert program came to the end by the officer waltz performed by the graduates and pennant start.
In the current year the military institute is going to send 234 officers to armies and other military formations of our republic and neighboring countries, including graduates of the foreign states. 17 people got diplomas with honors, 4 of them got breastplates «For the excellent completion of military higher education institution». Their names will be brought on the Honour roll of the Military institute.
In the interview the graduates — twin brothers Gorky Mikhail and Grigory from Kokshetau told that four years passed quickly, and already being officers after a short-term holiday they leave to the troops of East Kazakhstan. The parents of lieutenants arrived there to share the happiness.
More than one thousand parents from all parts of our country arrived to congratulate their sons and give a parting wishes to serve to the Homeland.
Svetlana Boyarskaya, BNews.kz.
Lieutenants go away…., 18.06.2013
Not only the biggest in its storie release of cadets took place at Military institute of internal troops of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan in Petropavlovsk city, but also for the first time there were the representatives of two neighboring states among them.
— Diplomas about the completion of higher education institution and a rank of lieutenants together with the Kazakhstan graduates were received by eight citizens of Kyrgyzstan and ten — from Tajikistan, — reported the press secretary of Military institute Ruslan Zhangulin.
This year the military institute sent 234 new officers to armies, 17 from which got honors degrees. In honor of the thirteenth graduation which has become international for the first time , the photobook about activity of higher education institution was published and the breastplates were made which were later handed over to each graduate.
Victor MIROSHNICHENKO, newspaper «Vremya»
Выпуск международный. Газета Караван №24 от 18.06.13
Знаменательное событие в истории Военного института Внутренних войск МВД РК Петропавловска – первый международный выпуск офицеров! В торжественной обстановке первичное офицерское звание – лейтенант – и дипломы об окончании вуза вместе с казахстанскими выпускниками получили восемь таджиков и десять киргизов.На плацу вуза царила праздничная атмосфера. Развевались флаги трех дружественных государств. Своих повзрослевших сыновей приехали поздравить счастливые родители. К торжественному моменту готовились основательно.
По словам пресс-секретаря Военного института Руслана Жангулина, в честь международного выпуска было выпущено фото – книга о деятельности заведения, изготовлен специальный нагрудный знак и вручен каждому выпускнику.
В торжественной церемонии принимал участие главнокомандующий внутренними войсками МВД Республики Казахстан генерал-майор Руслан ЖАКСЫЛЫКОВ.
Военный институт в текущем году направил в войска и другие воинские формирования нашей страны и соседних государств 234 офицеров.
11 лейтенантов после специального экзамена удостоились служить в элитном подразделении Внутренних войск – в подразделении специального назначения «Бүркіт».
После проведения воинского ритуала – по традиции грандиозный концерт. На плацу военный оркестр, ансамбль барабанщиков института и полный восторг.
А напоследок вальс с юными дамами в красивых нарядах, улыбки и волнение перед началом новой жизни.
За годы существования Военный институт стал кузницей военных кадров.
Здесь подготовка офицеров ведется по семи специальностям на семи кафедрах. Функционирует факультет повышения квалификации, где ежегодно проходят переподготовку военнослужащие по контракту.
Петропавловск, Елена Соболева