2017 жылдың 24 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында Петропавл гарнизонының әскери бөлімдері арасында «Ұлыларын ұлықтаған Мәңгілік ел» атты тақырыпта ақындар айтысы өткізілді. Айтысқа 6637 әскери бөлім, Ұлттық ұланның Әскери институты және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік мемлекеттік университетінен жалпы саны 11 адам қатысты. Сайысты облыстық халық шығармашылығының және мәдени бос уақыт қызметі орталығының қазақ шығармашылығын дамыту бөлімінің басшысы Бейсенбаев Танат Ошибайұлы жүргізіп көркін келтірді. Әділ-қазылар алқасының төрағасы болып «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Баймұқанов Дәстен Абылайұлы болса мүшелігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас басқармасының тілдер саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы полковник Әбдірәсіл Әлішер Нүрідінұлы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Сүлейменова Асем Нұрланқызы, Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сыздықова Алтынай Қожабайқызы, Қалалық мәдениет үйінің директоры Жаменов Асқар Махметұлы, Республикалық айтыстардың жүлдегері Жарқын Жұпархан және №19 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтай Сұлтан төрелік жасады. Ақындар айтысының жеңімпазы болып М.Қозыбаев атындағы Солтүстік мемлекеттік университетінің студенті Мақсат Серік алса, екінші орынды Әскери институттың 4 оқу батальонының курсанты Жақсыбай Саян және 6637 әскери бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі ефрейтор Рахимов Жұмабек алды. Үшінші орынға аттын басын 2 оқу батальонының курсанты Құрмантұрсын, 2 оқу батальонының курсанты Исақов Мейіржан және 6637 әскери бөлімінің аға сержанты Рахимов Жантілеу алды. Қалған қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды. Қалалық мәдениет үйінің директоры Жаменов Асқар және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Сүлейменова Асемнің демеушілігімен бірінші орынға планшет қалған орындарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Айтыстың қорытындысын шығару уақытында ақындар өздерінің туындыларын оқып көрермендердің көз айымына айналды. Оны дәлелі 6637 әскери бөлімінің 3 жеке атқыштар ротасының бөлімше командирі ефрейтор Жұмабек Рахимовтың шығармашылығы көрермендердің жүрегінен орын тауып, нәзік жанды аруларымыздың көздерінен ыстық жас паналатты. Ақындар айтысын келесі жылдан бастап дәстүрлі қылып республикалық деңгейде өткізу жоспарлануда.

Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлына
 
Нар тұлғалы ер екен айбатты да,
Желбіретіп ұстайтын байрақты да.
Он бірінші сәуірде он бір кезі,
Жас сарбазды құтқарды Қайрат мырза.
 
Сіз сарбазды құтқардыңыз асқақ тұрып,
Беделді батыл қадам бастап тұрып.
Ауылдан келген бала ойлаған ғой,
Терезеге тұрмын деп тас лақтырып.
 
Қателік кетірмейтін ой қалдырсын,
Бұл жағдай кейінгіні ойландырсын.
Ауылда тас лақтырып жүрген бала,
Граната қадірін қайдан білсін.
 
Қобалжып жетпеседе аса басы,
Енді бұндай іс белгілі жасамас.
Жас сарбазды сіз құтқарып қалмағанда,
Зар жылап қалар еді ата-анасы.
 
Білімдісіз беделдімен бас қосатын,
Дәрежелі жандар мен достасатын.
Алланың нұры жауған азаматсыз,
Оқ атса Отан үшін төс тосатын.
 
Тағдырдың тайғақ жолын түсінгесін,
Елден алғыс алдыңыз ісің мен шын.
Іләйім ісің алға баса берсін,
Құдайым тұғырыңнан түсірмесін.
 
Өмірдің өрге жүзіп кемесінде,
Бақыттың бол әрдайым белесінде.
Ұлттық ұлан беделін асқақтатып,
Ерлігіңіз сақталсын ел есінде.
 
Намыс ерлік ар сыиған ақылына,
Бұл ерлікті түсінер жат ұғына,
Рухты жалындаған жігеріңіз,
Айналсаңыз Ұлттық ұлан батырына.
 
Аяқ иықты алсанызда жарақаттап,
Сіз болмасаңыз сарбаз қайдан пана таппақ.
Ел басымыз сүйсініп ерлігіңе,
Суретте мәз болып тұр марапаттап.

автор Жұмабек Рахимов

Фотогалерея