Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

        Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары

ІІМ әскери оқу орындарының магистратурасында немесе докторантурасында оқуға кандидаттар оқуға қабылданған жылдың 1 наурызына дейін Ішкі істер министрі орынбасарының (бұдан әрі – Министрдің орынбасары), аумақтық ІІО, ІІМ оқу орны, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдер басшыларының атына еркін нысанда баянат береді.

1. ІІМ әскери оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына түсетін кандидаттардың құжаттарын қабылдауды қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы оқуға қабылданған жылдың 1 маусымынан 10 шілдесіне дейін жүргізеді.

2. ІІМ, аумақтық ІІО, ІІМ жоғары оқу орындары, өңірлік қолбасшылықтар, әскери бөлімдер (мекемелер) кандидаттарды алдын ала іріктеуді жүргізеді, оларды ІІМ, ҰҰ, аумақтық ІІО, өңірлік қолбасшылық немесе ҰҰ әскери бөлімі басшысының және ІІМ жоғары оқу орны бастығының немесе оның орнындағы адамның бұйрығымен құрылатын іріктеу комиссияларының отырыстарында қарайды және оқуға іріктелген кандидаттардың тізімін оқуға қабылдау жылының 1 маусымынан кешіктірмей Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының кадр, оқу және ғылыми жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.

Іріктеу комиссиясының нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

3. ҰҰ әскери қызметшілерін алдын ала іріктеу:

 кандидаттардың денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамдылығын тексеруді;

кәсіби-психологиялық тестілеу өткізуді;

кандидатты сипаттайтын материалдар мен қызметтік міндеттерді орындаудың практикалық нәтижелері бойынша зерделеуді;

ҰҰ әскери қызметшісінің дене дайындығын тексеруді қамтиды.

5. ІІО және ҰҰ бөлімшелері ІІМ әскери оқу орнының магистратурасына және докторантурасына түсу үшін іріктеу комиссиялары ұсынған кандидаттарға оқу істерін ресімдейді және оларды оқуға қабылдау жылының 1 шілдесінен кешіктірмей ІІМ әскери оқу орнына жібереді.

 ІІМ әскери оқу орындарының магистратурасына түсетін оқуға кандидаттар түсу емтихандарын:

  дене шынықтыру даярлығы бойынша;

  бейін бойынша.

Дене шынықтыру даярлығы бойынша емтиханды ІІМ әскери оқу орнының дене шынықтыру даярлығы және спорт кафедрасының оқытушыларынан тұратын оқуға түсушілердің дене күші даярлығын тексеру жөніндегі комиссия ұйымдастырады және өткізеді. Емтихан оқуға түсушілердің келесі жаттығулар бойынша жылдамдыққа, күшке және төзімділікке арналған практикалық нормативтерді орындауын қамтиды:

      белтемірге тартылу немесе аяқты белтемірге көтеру;

      100 метрге жүгіру немесе кешенді күш жаттығулары;

      1000 метрге жүгіру.

    Дене шынықтыру даярлығы бойынша емтиханға шығарылатын жаттығулардың тізбесін оқуға түсушілердің дене күші қабілеттерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының ұсынысы бойынша қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

      Дене шынықтыру даярлығы бойынша түсу емтиханын тапсыруға арналған киім нысаны – спорттық.