2025 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Абжанов Бауыржан Садықұлы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Абжанов Бауыржан Садықұлы академияның оқу процесін, материалдық-техникалық жабдықталуын, офицерлік кадрларды даярлау жағдайларын тексерді. Оқу сапасын арттыру, әскери қызметшілерді даярлаудың заманауи әдістерін енгізу және курсанттардың патриоттық тәрбиесін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қолбасшылықтың, профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізіліп, академияның даму перспективалары мен өзекті мәселелері талқыланды. Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Абжанов Бауыржан Садықұлы жеке құрамның жоғары кәсіби дайындығын атап өтіп, оқу-әдістемелік базаны одан әрі жетілдірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

от admin