Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу бойынша кешенді шаралар қарқынды жалғасуда.
Атқарылып жатқан жұмыстар алдағы көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған.
Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты жергілікті атқарушы органдар инженерлік құрылыстарды нығайту және елді мекендерді су басудан қорғау бойынша кешенді шараларды іске асыруда.
Осыған орай, Ұлттық ұлан академиясынан күн сайын 60 курсант алдын алу жұмыстарына қатысу үшін Тепличное, Прибрежное және Бескөл елді мекендеріне жіберілуде.
Бүгінгі таңда Академия курсанттары 4000-нан астам инертті материал салынған қаптарды дайындап, оларды арнайы бекітілген учаскелерге орналастырды.
Бұл шаралар жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал су тасқынының алдын алуға бағытталған.