20.02.2025 ж. Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасында өткен үздік ғылыми жұмыс сайысының 1-кезеңі сәтті аяқталды. Сайыс болашақ офицерлердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Қатысушылар әдебиеттану, тіл білімі, мәдениетаралық коммуникация, рухани-адамгершілік құндылықтар бағыттарында өз зерттеулерін ұсынды.

Баяндамаларды тіл білімі, әдебиеттану және педагогика саласындағы ғалымдар бағалап, ғылыми негіздемесі мен презентация сапасын ескерді. Сайыс нәтижесі болашақ офицерлердің ғылыми ізденістерін қолдауға серпін берді.

от admin