Бүгін Петропавловск қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайында ҚР Ұлттық ұланы академиясының 1 курс курсанттарының әскери ант беру рәсімі өтті. Биыл 200 жуық курсант Отанына және халқына адал болуға ант берді.

Ант — мемлекетке, өз елінің халқына адал болу деген мағынаны білдіреді. Әскери ант беру «әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және ішкі қызмет жарғысымен регламенттеледі. Бұл әскери істің жолына түсу кезінде адам кездесетін алғашқы маңызды әскери қызмет актілерінің бірі.

Салтанатты шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Садықұлы Әбжанов, СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жумагулов, облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасын Ескендір Илеусизов, сондай-ақ өңірдің күш құрылымдарының бірінші басшылары, ардагерлер, болашақ офицерлердің ата-аналары мен туыстары қатысты.

Әскери ант мәтінінде сөз көп емес, бірақ олардың терең мағынасы бар. Өзінің әскери борышын орындай отырып, әрбір курсант өзінің тағдырының, әскер өмірінің өмірбаянын жазады, азаматтық және адамгершілік жетілу сынағын өткізеді.

Әскер қолбасшылығының атынан болашақ офицерлерді ведомство басшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Садықұлы Әбжанов салтанатты шарамен құттықтады.

— Сіздердің әрқайсыларыңыз өз мамандықтарыңызды саналы түрде таңдадыңыз – Отаныңызды қорғау, осылайша өз тағдырыңызды офицерлік қызметпен байланыстыру. Жоғары оқу орнының қабырғасында әскери қызмет пен оқуды жалғастыра отырып, Сіз Ұлттық ұлан академиясының курсанты атағын абыроймен алып жүретіндігіңізге сенімдімін.

Бас қолбасшылық, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Сіздерге офицерлер корпусының болашағы ретінде сенеді. Біз Сіздерге лайықты оқу және қызмет көрсету жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрін жасаймыз, — деді Бауыржан Садықұлы.

Бұдан әрі курсанттарға өз тілектері мен құттықтауларын облыс әкімінің атынан Жүсіп Рахатұлы лебізді тілегін жолдады.

— Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біздің әскер – мемлекетіміздің тірегі. Отанымыздың тәуелсіздігі мен әл-ауқатын қорғау — маңызды мақсат. Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау — біздің өмірлік қажеттілігіміз, оны біздің батыл ата-бабаларымыз ғасырлар бойы қорғап, бізге мұра етіп қалдырды. Бүгінгі таңда біздің басты міндетіміз – осы үлкен құндылықты сақтау».

Тәжірибелі оқытушылардың, тәлімгерлердің басшылығымен Сіздер болашақта Отанымыздың Қарулы күштерінде жоғары білікті және сұранысқа ие мамандар болу үшін пайдалы білім мен дағдыларға ие болатыныңызға сенімдімін!, — деді Жүсіп Рахатұлы

Жауап сөзінде бірінші курс курсанты қатардағы жауынгер Данияр Оралғасы Серікұлы командирлерді, сондай-ақ туыстары мен жақындарын курсанттар әскери антқа адал болады және Отанды қорғау жөніндегі әкелер мен аталардың ісін лайықты жалғастырады деп сенім білдірді.

Барлық бірінші курс курсанттарының артында бірқатар сынақтар бар: олар дене шынықтыру нормативтерін орындады, қабылдау емтихандарын тапсырды, байыпты конкурстық іріктеуден және жалпы әскери дайындықтан өтті. Алда оларда 4 жыл курсанттық өмір күтіп тұр, оның барысында курсанттар әскери істің барлық қыр-сырын игеріп, Отанның сенімді қорғаушыларына айналады.

Әскери рәсім өткізілгеннен кейін қонақтардың назарына академия әскери қызметшілерінің көрме қойылымдары көрсетілді. Әскери оркестр мен академия барабаншыларының ансамблі өздерінің жарқыраған өнерімен жиналғандарды қуантты.

от admin