2024 жылғы 20 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры Искандер Даутов атындағы колледжде ұллтық ұлан академиясы ардагерлер кеңесі қалалық ардагерлер кеңесімен, Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағымен бірлесе отырып, Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Бұл іс-шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен ардагерлердің ерліктерін дәріптеудің айқын үлгісі болды. Салтанатты жиын барысында академияның оркестрі мен ту ұстаушылар тобы ерекше әсер қалдырды. Олардың өнер көрсетуі бір жылдық кәсіби бағдарлау және патриоттық жұмыстың нәтижесі.

Шара барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті. Бұл жас ұрпаққа батырлықтың жасаған еңбектерін түсінуге, ел тарихын қадірлеуге және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға мүмкіндік берді.

Іс-шараны ұйымдастыруға белсенді түрде қолдау көрсеткені үшін ұлттық ұлан академиясының басшылығына ерекше алғыс білдірді. Бұл шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және жастардың елге қызмет етуге деген ұмтылысын арттыруға зор үлес қосты.

Осындай іс-шаралар өткенімізді еске алып, болашаққа деген сенімді күшейтіп, ұлт рухын асқақтатады.

от admin