2024 жылдың 19 желтоқсанында Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының бастығы, полковник Артур Қалиакпарұлы Токышев пен «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» директоры Жанболат Темірболатұлы Мұқанов меморандумға қол қойды.

Келісімнің негізгі мақсаты – ғылым, білім және мәдениет саласында серіктестік қатынастарды нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту.

Аталған меморандумды қол қою әскери және азаматтық секторлар арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызды қадамы болып табылады. Бұл мәдениет, шығармашылық және өңірдің білім әлеуетін қолдауға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізу, тәжірибе алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тараптар қол қойылған меморандум ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықтың негізі болатынына және ғылыми-білім беру мен мәдениет саласын дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Осылайша, бұл келісім екі ұйымның қоғамның игілігіне, ұлттық дәстүрлерді, ғылым мен білімді нығайтуға бағытталған ынтымақтастыққа деген ұмтылысын айқындайды.

от admin