2024 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының тілдік дайындық кафедрасында «Батырлық институты: Ғылым және әдістеме» атты ғылыми-танымдық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – курсанттардың өз халқының тарихын зерттеуге тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, өз Отанына деген терең патриотизм мен махаббат сезімін тәрбиелеу.

Іс-шараға көрермен ретінде 1 курс курсанттары қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының профессоры Ж. Н. Сартаев, тілдік дайындық кафедрасының бастығы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А. Саркенқызы, жедел өнер және тактика кафедрасының цикл бастығы М. Н. Байбусинов, тілдік дайындық кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Р.С. Альжанова, тілдік дайындық кафедрасының аға оқытушылары В.У. Зейнина, Е.С. Анцибор, 363в оқу тобының курсанты Е. Төлегенов  терең ғылыми және танымдық баяндамалар жасады.

Курсанттар семинар тақырыбына үлкен қызығушылық танытты, сұрақтар қойды, талқылауға белсенді қатысты.

от admin