2024 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы кафедрасының бастығы полковник Кульбаев Жамбыл Жамалұлының басшылығымен кафедраның 2023-2024 оқу жоспарына сәйкес «Заманауи уақытта жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР Ұлттық ұланы әскерінің рөлі»тақырыбында кафедраның I Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияны Ұлттық ұлан академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Файзулин Асқар Қайратұлы ашық деп жариялады. Ол конференцияның маңыздылығын, сондай-ақ Ұлттық ұланның жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен орнын атап өтті.
Конференцияда ҚР Ұлттық ұланы академиясының әскери педагогика және психология кафедрасының профессоры Сартаев Жанбатыр Нұртайұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы ҚР Ұлттық ұланы факультетінің жедел өнер және тактика кафедрасының аға оқытушысы Салханов Ренат Рахатұлы, философия докторы (PhD), Ұлттық ұлан Академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультетінің магистранты, ҚР Ұлттық ұланы Ахметов мақсат Нұрланұлы және курсанттары Кикимбаев Диас Асанұлы, Қабдуалиев Нұртай Жанатұлы баяндама жасады.
Жинаққа ҚБ «Беларусь Республикасының Әскери академиясы» Ішкі әскерлер факультетінің жедел-тактикалық даярлық, арнайы инженерлік-техникалық пәндер, заң пәндері кафедрасының және Әскери Әуе қорғанысы тактикасы мен қару-жарақ кафедрасының ғалымдары мен оқытушылары, Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Ұлттық ұлан академиясының профессор-оқытушылар құрамы мақалалар жолдады. Сонымен қатар ҚР Ұлттық ұлан академиясының 4 курс курсанттары қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша ұсынылған ғылыми мақалалардың материалдарынан Ұлттық ұлан Академиясының «Заманауи уақытта жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР Ұлттық ұланы әскерінің рөлі» тақырыбында материалдар жинағы шығарылады.

от admin