2024 жылғы 09 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының бастығы полковник Шапашев Мұрат Асқарұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылған күніне арналған «Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстінде әскери білім беруді дамыту» тақырыбында алғашқы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Айта кетейік, бұл конференция Қазақстан Республикасы Ұлттық ұландарының құрылғанына 32 жыл толуына орай ұйымдастырылды және өз сөзінде Ұлттық ұлан академиясының бастығы полковник Тоқышев Артур Қалиақпарұлы «Ұлттық ұлан әскерлерінің игілігі үшін әскери ғылымды дамыту біздің басым міндеттеріміздің бірі» деп атап өтті, өз сөзінің соңында ол барлық қатысушыларды құқықтық тәртіп әскерлерінің алдағы мерекесімен құттықтады.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы Кириченко Александр Иванович, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының әскери-ғылыми орталығының профессоры Амангелді Қалқенұлы Иманов, Ұлттық ұлан академиясының Тілдік дайындық кафедрасының бастығы Ақмарал Сәркенқызы, Солтүстік Қазақстан университетінің Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Әсем Болатқызы Белгібекова, Петропавл қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Сұлтанұлы Татваев баяндама жасады.
Сырттай конференцияға «Беларусь Республикасының Әскери академиясы» ҚБ ішкі әскерлер факультетінің заң пәндері кафедрасының оқытушылары, «Кеңес Одағының Батыры генерал-лейтенант Д. М. Карбышев атындағы Кутузов әскери-инженерлік орденінің академиясы» Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік әскери білім беру мекемесінің арнайы факультетінің адъюнкттері, Ресей Қорғаныс Министрлігі, Әскери университетінің факультет оқытушылары мен тыңдаушылары, князь Александр Невский атындағы Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық Қоғаныс Университеті Ұлттық ұлан факультетінің оқытушылары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясының оқытушылары, Көкшетау қ., сондай-ақ Ұлттық ұлан академиясының профессорлық — оқытушылар құрамы қатысты. Сондай-ақ, 6637 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.
«Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстінде әскери білім беруді дамыту» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы шығарылды. Жинақта қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әскери кадрларды даярлауды жетілдіруде әскери білім беруді дамытуды одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған материалдар (мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдеріндегі 52 мақала) ұсынылған.
Сондай-ақ, жедел өнер және моральдік-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасы, педагогика және психология кафедрасы және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасы арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

от admin