
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған бірнеше шығарма талданды. Ілияс Есенберлиннің «Махаббат мейрамы», М. Шолоховтың «Судьба человека», Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпаны», Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы, Б. Момышұлының «За нами Москва. Записки офицера», Б. Момышұлының келіні З. Ахметованың «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Теңбіл тіршілік» шығармалары, Э. Казакевичтің «Звезда» повесі, Дж. Бойн «Мальчик в полосатой пижаме», А. Бектің «Волоколамск тас жолы», «До встречи с тобой» шығармасы, О. Уайльдтың ертегілері талданып, туынды туралы толғамды ойларын ортаға салды. Өз ойларын сахналық көріністер арқылы да жеткізе білді. «Көңілге түрлі ой салар» ән мен күй орындалды.
Шараға «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің СҚО бойынша филиалының төрағасы Мұхамеджанов Жанат Қабдолрахимұлы, ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Рахмет Күләйхан, «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Амантай Ербақыт, облыстық тілдерді дамыту орталығы басшысының орынбасары Жанатов Орал Сәбитұлы қатысты. Курсанттарға ізгі лебіздері мен ыстық ықыластарын білдіріп, өнерлеріне тәнті болғанын жеткізді. Қатысқан курсанттар алғыс хаттармен марапатталды. Конференция қонақтары да алғыс хаттармен марапатталды. Облыстық тілдерді дамыту орталығы басшысының орынбасары О. Жанатов кафедраға 10 кітап сыйлады.
Майор Сәркенқызы Ақмарал