Еліміздегі құқықтық тәртіп әскерлері үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны оқушыларға есігін айқара ашты, онда балалар оқу орнының қызметі туралы толығырақ біле алды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясына экскурсияға Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 140-тан астам жоғары сынып оқушылары келді.
Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, жастар арасында құқықтық тәртіп әскерлері қатарындағы қызметті танымал ету, сондай-ақ түлектерді Ұлттық ұланның жоғары әскери оқу орнына түсуге бағдарлау болды.
Ашық есік күні академияның саптық алаңында әскери оркестрдің өнер көрсетуінен басталды. Іс-шара бағдарламасы аясында балаларға әскери техника мен атыс қаруын көрсету ұйымдастырылды. Жас қонақтар нағыз жауынгерлік машиналардың рульіне отырып, атыс қаруын бөлшектеу мен құрастыруды өз бетінше жүзеге асыра алды. Оқу орнының мұражайында балаларға оқу орнының тарихы мен өмірінен экспозициялар көрсетілді, сондай-ақ оқу орнында қалыптасқан даңқты дәстүрлері туралы айтылды. Әрі қарай балалар казармаға барып, курсанттардың тұру жағдайымен танысты.
Іс-шара бағдарламасы Ұлттық ұлан академиясы туралы бейнероликтер көрсетумен аяқталды, содан кейін әскери қызметшілер оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде оқушылар әскери қызметшілерге жылы қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы офицерлік кадрлардың ұстаханасы болып табылады. 25 жылдық тарихында оқу орны 4 мыңнан астам жас офицерлерді шығарды, олар тек Ұлттық ұланның ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырды.

ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі

от admin