Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Ұлттық ұлан академиясының ақпараттық-насихаттау тобы академия бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсыновтың жетекшілігімен Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына барып, Мамлютка және Булаево қалалары мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, Ұлттық ұлан қатарында жастар арасында қызметті танымал ету, түлектерді құқықтық тәртіп әскерлерінің жоғары әскери оқу орнына түсуге бағдарлау болды.
Жоғары сынып оқушыларымен кездесуді Академия бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсынов ашты.
Кездесу барысында ол болашақ түлектерге Ұлттық ұлан қызметінің негізгі бағыттары, жоғары оқу орнына түсу тәртібі, оқу процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруға шешім қабылдаған кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Кездесу барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытып, қызмет туралы көптеген сұрақтар қойды. Бұл кездесу ресми іс-шара емес, Отанды қорғау-мамандық, міндет және кәсіп болып табылатын әскери қызметшілермен эмоционалды және жанды әңгіме болды.
Сондай-ақ, әскери қызметшілер балаларға оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде олардың білім деңгейіне, моральдық-іскерлік қасиеттеріне, денсаулық жағдайына және дене шынықтыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Іс-шара концертпен сүйемелденді, онда академияның әскери оркестрі оқушыларға музыкалық композициялар орындады.
Мұндай іс-шараны жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, ұрпақтар байланысын нығайту, мектеп жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарлануы шеңберінде академия әскери қызметшілері бірінші рет өткізіп отырған жоқ.
Ұлттық ұлан академиясы тек Ұлттық ұлан үшін ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицерлік кадрлардың ұстаханасы болып табылады. 25 жылдық тарихында оқу орны 4 мыңнан астам жас офицерлерді, оның ішінде достас елдер — Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы үшін шығарды.

 

         ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі

от admin