Сіздің оқу мекемеңіздің оқушыларын төменде қоса берілген Ережеге сәйкес, рефераттар сайысына қатысуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының

тактика және жалпы әскери пәндері кафедрасының

отырысында бекітілді, 2022 жылғы «21» желтоқсандағы №8 хаттама

«Қазақ даласы батырларының әскери-патриоттық мұрасы» тақырыбындағы рефераттар сайысы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

Байқаудың мақсаты: қазақ жерінің батырларының әскери-патриоттық мұрасын зерделеу.

Сайыстың міндеттері:

1) курсанттар мен білім алушылардың өздерінің кәсіби құзыреттерін көтеруге ынтасын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейтуге;

2) «Мәнгілік ел» ұлттық идеясы аясында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, олардың бойында жоғары адамгершілік құндылықтар негізінде өзіндік тұжырымдамасын қалыптастыруға ықпал ету;

3) өзіндік зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту;

4) ғылыми жұмысты насихаттау;

5) озық тәжірибені тарату, қазақ даласының батырлары мұрасының деректер қорын қалыптастыру.

Өткізу мерзімі: 2023 жылғы 15-25 ақпан

Сайысқа қатысу үшін жұмыстарды тапсыру мерзімдері: 2023 жылғы 13 ақпанға дейін.

Сайысқа орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру деңгейлерінің барлық санаттағы оқушылары қатыса алады.

Сайысқа электронды форматта өздігінен орындалған аяқталған жұмыстар Zhangelvolk@mail.ru электронды почтаға ұсынылады (байланыс телефоны: 87479873848). Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде орындалуы тиіс. Білім алушылардың сайысқа ұсынылған жұмыстары қайтарылмайды.

Сайыс ұсынылған жұмыстарды зерделеу және қарау және комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы сырттай өткізілетін болады. Сайыстық комиссияның шешімі хаттамен ресімделеді.

Сайыстың қорытындысы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы бастығының бұйрығымен жарияланады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, олар білім беру ұйымының атына жіберілетін.

Үздік жұмыстар байқау жинағына енгізіледі. Редакциялық алқа жариялау кезінде жұмыстарға кейбір түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Жинақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының ресми сайтында орналастырылады.

2. Жұмысқа қойылатын талаптар

Жұмыс ақпараттық, интикативті, шолу немесе аналитикалық реферат талаптарына сәйкес келуі керек.

Титул парағында автор туралы мәліметтер болуы керек: Т.А.Ж. (бар болса), мамандығы, оқу курсы, телефон нөмірі, білім беру ұйымының пошталық адресі, қажет болған жағдайда автордың қалауы бойынша басқа да мәліметтер.

Баяндаманың немесе мақаланың мәтіні А4 форматында орындалып, Word редакторында, 5 беттен аспауы керек, «TimesKaz» шрифті, шрифт өлшемі – 14 кегль, жол аралығы – 1,0 пт. Жолдың ені бойынша түзетіліп, беттің жан-жағынан 25 мм қалдырылуы керек. Шегініс – 1,25 см.

Жұмысқа нәтижелерін енгізу туралы ақтілердің көшірмелері, ғылыми мақалалардың көшірмелері және басқа да құжаттар қоса берілуі мүмкін.

Рефератты бағалау критерийлері:

— реферат мазмұнының мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі;

— өзектілігі мен сенімділігі;

— тақырыпты ашудың кеңдігі мен толықтығы;

— тақырыптың тереңдігі мен мазмұнының ашылу деңгейі;

— өзіндік, жаңашылдық, шығармашылық.

Ұйымдастырушы комитет

от admin