Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері Солтүстік Қазақстан облысында алғашқылардың бірі болып кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруді аяқтады.
Сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-де Қазақстан Республикасы Әнұранының үнімен ашылды және күннің бірінші жартысында дауыс беру аяқталды.
№655 сайлау учаскесінде барлығы 662 адам өз дауыстарын берді. Бұл курсанттар, офицерлер және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер.
Өз таңдауын бірінші болып Ұлттық ұлан академиясының бастығы полковник Артур Тоқышев жасады. Академия басшылығы туған күндері еліміз үшін айтулы оқиғамен тұспа-тұс келген екі курсантты назардан тыс қалдырмады және оларға сыйлықтар табыс етті.
Ұлттық ұлан Академиясы тек Ұлттық ұлан үшін ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицерлік кадрлардың ұстаханасы болып табылады. 25 жылдық тарихында оқу орны 4 мыңнан астам жас офицерлерді шығарды.

ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі

от admin