Бүгін Петропавл қаласының орталық алаңында 1 курс курсанттарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Академияға түскен 175 болашақ офицер Отанға адал болуға салтанатты түрде ант берді.
Курсанттарды әскери ант қабылдауға арналған салтанатты іс-шараға өңірдің күш құрылымдарының бірінші басшылары, ардагерлер, болашақ офицерлердің ата-аналары мен туыстары қатысты.
Курсанттарға Ұлттық ұлан академиясының бастығы полковник Артур Токушев құттықтау сөз сөйледі:
«Әрбір жауынгер үшін әскери ант – бұл әскери өмірдің заңы, одан ешқандай шегініс болмайды. Ант қабылдай отырып, ол әскери қызметтің қиыншылықтарын төтеп беруге міндеттенеді. Анттың бұл талабы жауынгерлік еңбек барысында ерік-жігерді, өзіне деген сенімділікті, ұжымға деген сенімді шыңдау қажеттілігін білдіреді.
Курсант мырзалар, әрқашан естеріңізде болсын, Сіздер Ұлттық ұлан академиясында білім ала отырып, біздің мемлекетіміздің қорғаушысы болып табыласыздар. Сіздердің әрқайсыларыңыздың лайықты білім алып, кейіннен алған дағдыларыңызды іс жүзінде жүзеге асырып, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға зор үлес қосатындарыңызға сенім білдіремін» — деді ол.
Курсанттарға әскери ант қабылдағаннан кейін СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы полковник Рустан Ахметжанов, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев және академия ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полковник Болат Қожахметов сөз сөйледі. Жауап сөзінде әскери ант қабылдаған бірінші курс курсанты қатардағы жауынгер Ерболат Арыстанбек командирлерді, сондай-ақ туыстары мен жақындарын курсанттардың әскери антқа адал болатынына және Отанды қорғау бойынша Әкелер мен аталардың ісін лайықты жалғастыратынына сенім білдірді.
Алда болашақ офицерлердің 4 жылдық курсанттық өмірі бар, осы уақыт арасында олар әскери істің барлық қыр-сырын игеріп, жетіліп, Отанның сенімді қорғаушысы болуға мәжбүр болады.
Биыл әскери оқу орны құрылғанына 25 жыл толды. Осы жылдар ішінде академия қабырғасынан 4000-ға жуық жас офицерлер даярланды, олар Ұлттық ұланның, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, Қорғаныс министрлігінің офицерлік құрамының, Мемлекеттік күзет қызметінің және басқа да әскери құрылымдар бөлімшелерінің қатарын толықтырды.
Қазіргі уақытта академия базасында жеті мамандық бойынша офицерлерді даярлау жүзеге асырылуда. Курсанттарды оқыту сегіз кафедрада жүргізіледі. Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультеті жұмыс істейді, онда жыл сайын Ұлттық ұланның және ішкі істер органдарының офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мамандықтары бойынша қайта даярлаудан өтеді.
Академияның алғашқы түлектері қазірдің өзінде құрамалар мен әскери бөлімдерді басқарады, ал олардың кейбіреулері бас қолбасшылықта және аймақтық әскери қолбасшылықтарда басшылық лауазымдарда қызмет етеді.
Мұнда ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын оқытушылар қатары магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының түлектерімен толықтырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының жеке құрамы қаланың және облыстың қоғамдық-саяси, спорттық, мәдени іс-шараларына, сондай-ақ өңірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысады.

ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі

от admin