2022 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясында балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Академияға әскери қызметшілер мен қызметкерлердің балалары шақырылды. Саптық алаңда кішкентай қонақтардың назарына әскери техника мен қару-жарақ, сондай-ақ аниматорлар мен академияның көркемөнерпаздар үйірмесінің шығармашылығы табыс етілді.
Балалар, сондай-ақ олардың ата-аналары түрлі ойын байқауларына және спорттық жарыстарға үлкен ықыласпен қатысты.
Балалар ән айтып, би билеп, мультфильм кейіпкерлерімен сурет салды. Ал, сыйлықсыз қандай мереке? Күн соңында мерекелік байқаулар мен спорттық жарыстарға белсенді қатысқаны үшін балаларға сыйлықтар табыс етілді
ҚР Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметі

от admin