
Салтанатты құттықтау Василий Иванович тұратын үйдің ауласында өтті. Академия әскери қызметшілері ардагерге құрмет көрсетуді барынша есте қаларлықтай етуге тырысты. Ол үшін құттықтау рәсіміне Ұлттық ұлан Академиясының оркестрі қатысып, Соғыс жылдарындағы музыкалық шығармаларды орындады. Репертуар майдангердің сүйікті әндерінен тұрды.
«Сіз соғыс уақытындағы ең ауыр сынақтардан абыроймен өткен жеңімпаздар мен жасампаздардың аты аңызға айналған ұрпағына жатасыз. Сіздің өмір жолыңыз, Отанға деген сүйіспеншілігіңіз, оның тағдырына қатыстылығыңыз — жастар үшін, бәріміз үшін лайықты үлгі. Сізге зор денсаулық, жылулық, жақсылық және жақындарыңыз бен өзіңізге қамқорлық тілеймін», — деді генерал-майор Бауыржан Әбжанов.
Ардагер өз кезегінде осындай әсерлі көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, майдандағы оқиғаларымен бөлісті.

1941 жылы шақырылып, 1945 жылы маусымда Мамлют АӘК-қа есепке тұрды. 29 атқыштар полкінде қызмет етті, қатардағы жауынгер. 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Жуков Г.К.» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Жамбыл ауданы Троицкое ауылында тракторшы болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап Тимирязев ауылында тұрды. 2020 жылдың қазан айынан бастап ардагер Петропавл қаласында тұрады.
Мерекелік бағдарлама соңында ардагерлер мен қонақтарға мерекелік үстел ұйымдастырылды, онда жиналғандарға таза ауада сарбаз ботқасы ұсынылды.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында 14 соғыс ардагері, 3000-нан астам тыл еңбеккерлері тұрады, олардың ішінде 58 адам «соғыс кезіндегі ерен еңбегі үшін» наградталған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Академиясының баспасөз қызметі
Академиясының баспасөз қызметі