Әскери полицейлер тәулік бойы заңдылық пен құқықтық тәртіпті, әскери қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды күзетеді. Атаулы күннің құрметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясында әскери полиция бөлімінің әскери қызметшілеріне құрмет көрсету кеші өтті.
22 сәуірде әскери полиция қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл күні 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әскери полиция органдары құрылды.
Салтанатты іс-шарада Ұлттық ұлан Академиясының әскери полиция бөлімінің әскери қызметшілері мен ардагерлерін штаб бастығы — Академия бастығының бірінші орынбасары полковник Ілияс Сағындықов кәсіби мерекелерімен құттықтап, грамоталар мен алғыс хаттарды табыс етті.
Әскери полиция органдары жұмыс істеген жылдар ішінде үлкен жұмыс атқарды. Қазір олар әскери көлік қозғалысы кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастырудан бастап, қоғамдық тәртіп пен қызмет атқару ережелерін бұзудың алдын алуға дейін қойылған кез келген міндеттерді орындауға дайын, жақсы үйлестірілген ұжым болып табылады.
ҚР Ұлттық ұланы
Академиясының баспасөз қызметі

от admin