
Мағжан шығармашылығынан сыр беретін бейнефильмдер шараның маңыздылығын арттырды. Семинарға Академия курсанттары және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері дайындаған баяндамалар мол ақпаратқа кенелтті. Ақын өлеңдерінен бастау алған жас ақындар өз ойларынан шыққан жыр шумақтарын нақышына келтіре оқып берді, әрине бүгінгі күн өрелі сөздер мен талғамды идеяға толы шумақтар болғанын да айта кету керек. Көрермен назарына Тілдік дайындық кафедрасының бастығы филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Саркенқызының кандидаттық диссертациясынан ғылыми тұжырымдар ұсынылды (Кандидаттық диссертация тақырыбы: М.Жұмабаев поэзиясындағы фразеологизмдер: дәстүр мен

Ғажайып сыршыл ақын Мағжанды еске алғанда оның әсемдік әлемін айғақтаған сұлу жырларының, Мұхтар Әуезовше айтқанда «Жарқыраған әшекей» екендігіне қазақ поэзиясының нәрлісі, ең бір сәулелісі екендігіне көзіміз әбден жетті.
ҚР Ұлттық ұланы Академиясының
баспасөз қызметі