Қазақстанда ұстаздар күні дәстүрлі түрде қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазақстандағы басқа да мерекелер сияқты ұстаздар күні де салтанатты бөліксіз өтпейді. Бұл күні ұстаздарға жылы сөздер айту дәстүрі еліміздің барлық оқу орындарына тән.
Аталмыш мерекеге орай Ұлттық ұлан Әскери институтының клубында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан жоғары әскери оқу орнының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Биыл байқауға 8 оқытушы қатысып, жеңімпазды арнайы құрылған комиссия анықтады.
Ұстаздар үшін ең жоғары сыйлық барлық уақытта ризашылық білдірген шәкірттердің аузынан шыққан шынайы сөздер болды және солай болып қала береді. Клуб фойесінде курсанттар атынан құттықтау стенді безендірілді, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының фотосуреттерімен көрме ұйымдастырылды. Экранда офицерлер мен курсанттардың оқытушыларының бейнеқұттықтаулары көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов өзінің құттықтау сөзінде: «Пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан туындаған қиын жағдайға қарамастан, Әскери институт оқытушылары курсанттарды қалыптасқан жағдайда дайындай отыра, құлшыныс пен кәсібилік танытты.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Егеменді Қазақстанның болашақ Отан қорғаушы офицерлерін оқыту мен тәрбиелеу үшін зор денсаулық, зор бақыт және сарқылмас күш – қуат тілеймін!».
«Жылдың үздік оқытушысы» номинациясында тактика және жалпы әскери пәндер кафедрасының оқытушысы подполковник Әсет Жакубаев жеңімпаз атанды. Әсет Айтбайұлы өзінің педагогикалық қызметін мойындағаны және сенімі үшін Әскери институт басшылығына және әріптестеріне алғысын білдірді.
Екінші және үшінші орын жүлдегерлері дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы – дене шынықтыру қызметінің бастығы майор Руслан Мульдинов және жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы, қызметші Дүйсембек Елжанов болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты құқық тәртібі әскерлерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары білікті офицерлерін даярлауды жүзеге асыра отырып, өзіне жүктелген міндеттерді лайықты орындайды. Әскери институттың профессорлық-оқытушылық құрамы болашақ офицерлерді оқыту мен тәрбиелеу ісіне қомақты үлес қосуда.
24 жыл ішінде Әскери институт 4000-ға жуық түлекті әскерлерге жіберіп, жиырма бір бітіруді жүзеге асырды, олардың екеуі «Айбын» орденінің кавалерлері, 11-і мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Салтанатты шара барысында клубқа жиналғандар алдында республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, Петропавл қаласы филармониясының жеке орындаушылары және Әскери институттың вокалдық-аспаптық ансамблі өнер көрсетті.
Әскери институттың профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби мереке — ұстаздар күнімен құттықтаймыз және қиын, бірақ қажетті және керемет жұмыс үшін рахмет айта отыра, оқытушыларымызға мықты денсаулық, отбасылық амандық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін шығармашылық табыс тілейміз!

Аға лейтенант Олжас ӘДІЛБЕК

от admin